Психолингвистика пәні бойынша


Семантикалық дифференциал әдісі



Pdf көрінісі
бет83/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104
Байланысты:
p170220161

3. Семантикалық дифференциал әдісі 

  

Семантикалық дифференциал әдісі (грек сӛзінен semantic differential, semantikos – 



білдіруші,  differenta  -  әртүрлілік)  психолингвистика  және  экспериментальды 

психосемантиканың  әдістеріне  жатады.  Ол  субъективті  семантикалық  кеңістіктерді  құру 

үшін  қызмет  етеді  және  шкалалау  әдісіне  қатысты  болып  келеді.  Соңғысы  (шкалалау) 

психологияда  белгілі  бір  объектіге  деген  қарым-қатынасты  бағалау  үшін  сандық 

кӛрсеткіштерді  алу  мақсатында  қолданылады.  Объекті  ретінде  физикалық  та  және 

әлеуметтік процестер де ұсынылады. Ал психолингвистикада зерттеу объектісі ретінде сӛз 

жұмсалады. Психолингвистикадағы семантикалық дифференциал – бұл сӛздің мағынасын 

әрбір полюсінде антонимдік сын есімдер жұбының градациясы бар екіполюстік шкаланың 

кӛмегімен сандық (бірмезгілде сапалық) индекстілеу әдісі.  

Бұл методиканың кӛмегімен эксперимент жүргізу процедурасының мәні мынада: 

сыналушыларға сӛз беріледі және олар сол сӛз жайындағы түсінігіне сәйкес келетін санды 

белгілеулері  тиіс.  Әрбір  шкалада  +3-тен  -3-ке  дейінгі  градация  немесе  жай  7  бӛлшек 

берілген (32). 

(32)   


хороший 


скорее хороший, чем нейтральный 

скорее нейтральный, чем хороший 



нейтральный 

скорее нейтральный, чем плохой 



скорее плохой, чем нейтральный 

плохой 


  

       Ең  алғаш  болып  осы  процедураны  ұсынған  Ч.Осгуд  ең  әр  түрлі  түсініктегі 

сӛздер  класы  бойынша  (мысалы:  от,  ана,  боран,  қуаныш  және  т.б.)  сыналушылардан 

түсінік бағалауларын алудан бастайды. Ол бұл сӛздердің қаншалықты жақсы және жаман, 

күшті  және  әлсіз,  үлкен  және  кішкене  және  т.б.  екені  бойынша  бағалауды  ұсынды. 



 

75 


Эксперимент нәтижелерінің математикалық ӛңдемесі кейбір бағалау шкалалары бойынша 

бір-біріне сәйкес келіп отыр. Сондай-ақ, сәйкес келген шкалала үш топқа топтастырылуы 

мүмкін.  Олар  Ч.Осгуд  мынадай  атау  берген  факторлар  болып  табылады:  бағалау,  күш 

және белсенділік. Әрбір фактор ӛз ішіне тӛрт антонимдік сын есімдер жұбынан тұратын 

тӛрт  белгіні  енгізеді  (33).  Семантикалық  дифференциал  методикасы  бойынша 

эксперимент жүргізу үшін бланкісі мынадай түрде берілуі мүмкін (сол жақтағы бағансыз):  

(33)   

Факторлар аты 

 

+3 


+2 

+1 


0  -1 

-2 


-3 

 

Бағалау 



кӛңілді 

 

 



 

 

 



 

 

кӛңілсіз 



жақсы 

 

 



 

 

 



 

 

жаман 



тола 

 

 



 

 

 



 

 

бос 



жарық 

 

 



 

 

 



 

 

қараңғы 



Күш 

ұзын 


 

 

 



 

 

 



 

қысқа 


үлкен 

 

 



 

 

 



 

 

кішкентай 



күшті 

 

 



 

 

 



 

 

әлсіз 



күрделі 

 

 



 

 

 



 

 

қарапайым 



Белсенділікке 

бағдарланған 

жаңа 

 

 



 

 

 



 

 

ескі 



жылы 

 

 



 

 

 



 

 

суық 



жылдам 

 

 



 

 

 



 

 

баяу 



активті 

 

 



 

 

 



 

 

пассивті 



 

Егер біз сыналушылардан, айталық, әке және ана ұғымдарын бағалауды сұрансақ

онда  әке  ана  секілді  жақсы  болуы  мүмкін,  бірақ  ол  анадан  күштірек  болады,  ал  ана  – 

«жылырақ».  Бұл  ұғымдар  семантикалық  кеңістіктің  әрбір  нүктесінде  орналасуы  мүмкін. 

Әрбір  сыналушы  ӛзінің  жеке  тәжірибесін  есепке  алатыны  сӛзсіз.  Алайда 

сыналушылардың  кӛп  санында  орташа  есеппен  берілген  сӛздегі  құбылыстың  қоғамдық 

орныққан  бағасы  алынады.  Бағалаудағы  айырмашылықтар  сӛздің  семантикалық 

дифференциясын  кӛрсетеді.  Қандай  да  бір  тілдік  объектіге  берілген  балдардың  жалпы 

саны  шығарылады  (жинақталады),  бірақ  мағынасы  бӛлшектік  шаманы  білдіреді,  ӛйткені 

сӛздің  қандай  да  бір  шкаласындағы  қойылған  жалпы  бал  мӛлшері  сыналушылардың 

санына бӛлінеді (34-36). 

(34) ана = күшті (-2,-3,-1,-2,-3,-2,-2,-3) = 18 : 8 = - 2,25 

(35) ана = жаңа (-3,-3,-1,0,+2,-3,-3,-3) = -14 : 8 = -1,75 

(36) ана = жылы (+3,-3,-1,0,+2,-3,-3,-3) = 17: 8= +2,13 

Экспериментатордың бағалауды сұрайтын сӛздер үшін шкалалар атын ӛзі беретін 

семантикалық  дифференциал  методикасы  түрлері  бар.  Бұл  кезде  белгілі  бір  ұғымдар 

класы үшін спецификалық факторлар пайда болуы мүмкін.  

Семантикалық дифференциал методикасы массалық коммуникация теориясында 

жарнамалық істе кең қолднаысқа ие болған (синонимдер қатарынан ең «жақсы», «әсерлі» 

сӛздер таңдау үшін). Сонымен қатар, семантикалық дифференциал әлеуметтік және жеке 

мәндердің  анализімен  бірге  адамның  қабылдауы  мен  мінез-қылығына  байланысты 

зерттеулерде  қолданылады.  Оны  психологияда,  психиатрияда,  психолингвистикада 

пайдаланылады  (соның  ішінде,  кәсіби  тұрғыдан  таңдау  арқылы  жұмысқа  қабылдауда  – 

ресей компьютерлік систеасына «Кадр-профессоры»).  

Лингвистика  үшін  бұл  методика  сӛздің  жаңа  аспектілерін  кӛрсетуімен  қызықты 

болып  отыр.  Лингвисттер  ертеректен  сӛздерді  экспрессивті  нейтралды  (37)  және 

экспрессивті  мәнді  (38)  деп  жіктейді.  Алайда  мағыналарды  ӛлшеу  бойынша 

эксперименттер барлық сӛздердің белгілі бір дәрежеде экспрессивті мәнді екенін кӛрсетті, 

ӛйткені адам ӛзі кездескен барлық құбылыстарды бағалайды, сондықтан оның санасынан  

және тәжірибесінен «ӛткізілген» барлық сӛздер осы бағалауға ұшырамай қоймайды.  

(37) отец, глаза, есть, ударить 

(38) папа, батя, очи, гляделки, жрать, врезать 




 

76 


Семантикалық  дифференциал  методикасы  сӛздің  фонетикалық  мағынасын 

зерттеу  үшін  де  қолданбалы  болып  отыр.  Ресей  психолингвистикасында  фоносемантика 

бойынша, кӛбінесе, сыналушылар дыбыстарға кез келген коннотативті мағына және түсті 

үстеп қояды. Айталық, «а» дыбысы кӛптеген орыстар үшін қызыл түсті білдіреді (красный 

сӛзінде «а» дыбысының болуы тегін емес), «е» - жасыл (ол зеленый сӛзінде бар), «и» - кӛк 

(ол синий сӛзінде бар).  

Ч.Осгуд ӛзінің әдісін ұсынды, оны синестезиямен негіздеді. Синестезия (грек тіл. 

sin  –  бірге,  stasis  –  жағдай,  күй)  –  бұл  басқа  модальдылықтың  әсерінен  бір 

модальдылықтың  туындау  сезімінде  тұратын  психологиялық  феномен.  Мысалы, 

музыкалық  фразаға  жауап  ретінде  түрлі  түс  бейнесін  басынан  ӛткеру  болуы  мүмкін 

(Скрябиннің түрлі түсті музыкасында, бірақ Чюрленистің емес). 

Синестизия  механизмі  сӛйлеу  барысындағы  метафоралық  тіркестердің  негізі 

болатыны мойындалған (39).  

(39)  бархатный  голос,  кислая  физиономия,  крепкое  словца,  мягкие  сигареты, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет