экстраполяциялауға қабілеті жоқ.
Үшінші стадия (формальды операция) шамамен 10-14 жаста басталады. Бұл
стадияда бала деректі заттармен және ӛзінің ӛткен тәжірибесімен ғана шектеліп қоймай,
гипотетикалық тұжырымдарды түсінуге қабілет танытады. Дәл осы кезеңде бала
формальды және аксиоматикалық ойлау қабілетіне ие болады. Сондай-ақ екінші стадияда
– деректі операциялар стадиясында – бала интуитивті түрде түрлі саладағы білімнің
идеяларын меңгеруі мүмкін, алайда ғылым заңдарын, жалпыланған түсініктердің мәнін
түсіне алмайды.
Пиаженің айтуына сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде эгоцентрлік сөйлеу деген
атпен белгілі бала тіліндегі феномен болады. Эгоцентрлік сӛйлеудің коммуникативтік
ерекшелігі сол – бала 3-7 жасында кейбір ситуацияларда (ойын немесе сурет салу кезінде)
сӛйлескен кезде ӛзімен әңгімелесушінің болу қажеттілігін сезіне бермейді. Бала ӛз-ӛзімен
сӛйлеседі, яғни дауыстап ойланады. Пиаженің пікірінше, 3-4 жасында балада эгоцентрлік
сӛйлеудің үлесі (эгоцентрлік коэффициенті) 40 %-ті құрайды, кейінірек бұл сӛйлеу түрі
біртіндеп қолдануы азаяды, мектеп жасына келгенде жойылады.
Адамның тілдік қабілеті туа біткен болып табылады ма және басқа когнитивті
функциялардан
нейрофизиологиялық
жағынан
бӛлек
пе
деген
сұрақ
мультидисциплинарлық пікірталастардың орталығында талқылануы он жылдай уақытқа
созылып келеді. Жаңаша зерттеулер спецификалық сӛйлеу әрекетінің бұзылуының
нейроанатомиялық корреляттарының болатынын кӛрсетті және тіпті тілдік және
сӛйлеудегі ақауларға тікелей ассоциаланатын генді анықтау (идентификациялау)
мүмкіндігінің үміті пайда болды.
Бала қоршаған адамдардың сӛйлеуін ести сала оянатын туа біткен тілдік
құрылымдарға ие деп есептеп, Н.Хомский «туа біткен білімдік дағдылар» теориясын
ұсынды. Егер Хомскийдің мектебі тілдік қабілеттің туа біткендігін қағида етсе (LAD –
Language Acquisition Device деп аталады), ал ресейлік ғалымдар бала санасының дамуы
жӛнінде айта келіп, мидың жоғары ұйымдасуы және оның маманданбағандығы жайында
сӛз қозғайды.
«Адам туылғаннан бастап, - деп жазды философ Меграбян, - адам филогенезінің
Достарыңызбен бөлісу: |