7. Тіл деңгейлерінің теориясы
Ч.Осгуд алғашқыда адам коммуникациясы процесін суреттеуі техникалық
коммуникацияны сипаттаудың негізгі кезеңдеріне тура келген болатын. Бірақ сӛйлеу
әрекетін жасау процесін сипаттау барысында механик ретінде емес, психолог ретінде
сӛйлейді. Оның «Психолингвистика-54» деген кітабында сӛйлеу әрекетін жасау және
қабылдау проблемаларын тілдік деңгейлер теориясы (теории уровней языка) базасында
қарастырады.
Тіл деңгейлерінің теориясын ұсына отырып, Чарлз Осгуд сӛйлесім әрекетінің
жасалу процесінде (сӛйлеуді кодтау) тӛрт дейгей бар деп есептейді.
1. Мотивациялық деңгей (motivational level). Мотивация деңгейінің бірлігі кең
түрдегі грамматикалық емес ұғымдағы сӛйлем болып табылады. Бұл деңгейде сӛйлеуші
жалпы сипаттағы шешім қабылдайды:
а) сӛйлеу немесе сӛйлемеу;
ә) егер сӛйлесе, қай формада – хабарлы, сұраулы, бұйрық;
в) егер форма таңдалынып алынса, оны білдіру үшін қандай құралдарды
қолданған жӛн, мысалы, активті немесе пассивті форма;
г) қайсысын логикалық екпінмен айту, интонацияның қандай моделін таңдау.
2. Семантикалық деңгей (semantic level). Бұл деңгейде сӛйлеуші сӛйлемде
сӛздердің – функционалды кластардың белгілі бір жүйелі тәртібін кезекпен белгілейді.
Олар класпен бірге тікелей құрастыушыларға қатысты болады (американдық
дескриптивтік лингвистикада дәстүрлі түрде бӛлінеді). Осгуд бойынша, кез келген сӛйлем
46
кодтаудың бірліктеріне бӛлшектенуі мүмкін. Бұл бірліктер нақты сӛздер емес,
функционалдық-семантикалық кластар (53). Мысалы, иығына рюкзак асынған жігіт
жайында түсінік – сӛйлеу әрекетін жасау туралы семантикалық деңгейдің кӛзқарасы
бойынша бір ғана бірлік. Ол түрлі сӛздермен толығуы мүмкін, бірақ бұл – функционалды
кластың бірлігі.
(53) Талантты суретші – қызықты суретті – салады (Талантливый художник –
рисует – интересную картину).
3. Жүйелілік деңгейі (sequentional level). Бұл деңгейде бірлік – сӛз, бірақ
семантикалық бірлік ретінде емес, фонетикалық сӛз ретінде беріледі. Жүйелілік
деңгейіндегі кодтау процесінде мынадай механизмдер әрекет етеді:
а) дыбыстық жүйелілікті айырып тану (backward-working skill modification);
ә) сӛздер арасындағы интервалдар сӛздің ішкі интервалынан, тіпті морфемалар
шегіндегі интервалдарға қарағанда кӛбірек болуы үшін бӛлік ұзындығын (length of
junctures) анықтау;
б) «үлкен сегменттермен» жұмыс істейтін грамматикалық жүйелілік механизмі
(grammatical sequencing mechanisms).
4. Интеграциялық деңгей (integrational level). Мұнда бірлік ретінде буын беріледі.
Бұл деңгейде кодтаудың моторлы механизмдері әрекет етеді және талқыланған пікірлерді
(проработаного высказывания) дыбыстық безендіру жасайды.
Берілген модель жалпы алғанда, сӛйлеу әрекетін жасау процесін жалпы түрде
кӛрсетудегі алғашқы ұмтылыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |