Байланысты: Психология ылым ретінде. Адам туралы ылымдар ж йесіндегі психо
50 Конфликтіні болдырмау технологиясы. Конфликтіге (латын тілінде conflictus – қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал деген мағынаны берсе, «шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс дегенге саяды. Ал «қақтығыс» бірінші мағынасында айқас, шайқас деген мағынаны берсе, екінші мағынасы осы конфликтіге жақын: қағысып, керісіп қалу, пікір таласы деген түсінікті береді. Әрине, қазақ тілінің синонимдік қатары бай: сондықтан, мәтіннің мазмұнына орай, шиеленіске түрлі атаулар берілетіндігі заңды деп білеміз. Тұлғааралық шиеленіс мәселесі шетелдік, отандық зерттеушілердің: С.И.Ожеговтың Н.И.Кондаковтың, А.Н.Леонтьев,В.С.Мерлин, А.И.Анциферова, Жан Пиаже, А.В.Петровский, Л.Козер, А.Я.Анцупов, В.Конюх-Синица, Э.Шкиль, Т.Полозова, А.И.Шипилов, Е.Бабосов, Л.Ахметова, С.Сүлейменова, Ұ.Абуталипова т.б. еңбектерінде қарастырылған. Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және тәрт инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті-мақсатталмаған Қақтығыс жағдайлары мен инцидент параметрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады. Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб. Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу.
Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб. Топаралық қақтығыс – тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі :а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері. б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді. Тұлға аралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады. Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы : ішкі уайым, реніш, көңіл қалу. Қақтығысты басқарудың көптеген әдістері бар. Үлкейте отырып оларды, әр қайсысының өзінің қолдану ережесі бар саласы болатын, бірнеше топшалар түрінде көрсетуге болады. *тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер. *құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері - тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі. *келіссөздер. *жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек шектен тыс шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолданылады.