Арнайыпсихология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.