Тұлғаның қалыптасуы мен даму типологиясы. Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және тәрбиелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не? Психология тарихында бұл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты; биогенетикалық және социогенетикалық. Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқымқуалау факторымен анықталады. Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезеңдері және оның пайда болу тәртібі алдын - ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады. Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.4.
2.Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері.
3. Алматы:5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности.Алма-Ата, 1992г.6
4.Алдамұратов Ә. Қызықты психология. – Алматы.
5. https://stud.kz/referat/show/67424 6. https://emirsaba.org/ou--edistemelik-keshen-rastirfan-docent-a-eralina-trkistan-kur.html?page=32