Ең алғашында мен үшін «психология» термині түсініксіз болатын. Уақыт өте келе қызушылығымнан, психология қандай ғылым екенін,оның адам өміріндегі маңызы қандай екенін, оның бізге тигізер пайдасы неде екенін білгім келді. Шынында бас кезде менде де «бұл бізге не үшін керек?» деген ой туды. Кейіннен келе психология ғылымы адам өмірінде ең басты білуі қажет ғылым саласы екенін түсіндім. Яғни психология- белгілі бір психикалық процестердің қалыптасу, даму, пайда болу, қалыптасу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Бұл сондай-ақ мотивация, сезім, эмоциялар сияқты белгілі, ең көп кездесетін психикалық жағдайларды зерттейтін ғылым. Ия расында психология ғылымының маңызын көптеген адамдар түсіне бермейді. Ол жайлы әр адамның ойы әр түрлі. Сол ойлардың ішінен менің ойыма түйгенім психология-адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым екендігіне көзім жетті. Менің ойымша, психология - жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі, мінез-құлқы, түрлі сезімдері және ақыл-ойы. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психология адамға мінез -құлық, қарым -қатынас, қоршаған әлемді білу және мінез ерекшеліктерінің әдеттегі жиынтығы ретінде көрінеді. Шын мәнінде, психология - бұл біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Мектеп, университет, жұмыс - барлық жерде әр түрлі адамдармен байланысу қажет. Бұл жерде күнделікті психология қажет болады. Адаммен дұрыс қарым - қатынас жасай білу үшін психолог болу міндетті емес. Мен психолгия саласын түсіне келе өзіме не керектігін,өмірдегі менің орным қандай екендігін,айналамдағы орттамен және белгілі бір жерде адамдармен ара қатынасымның барлығы осы саламен тікелей байланысты екенін білдім. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психологиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі. Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Менің мамандыңым педогогика болғандықтан мен болашақта тікелей балалармен жұмыс жасайтындықтан, мен үшін психологияның орны өте маңызды. Балардың көңілін табуда оңай жұмыс емес. Әр баланың әр түрлі мінезі болғандықтан олардың көңілін аулау, олардың сабаққа деген, ұстазға деген махаббатын ашу да ұстаздардың қолында. Дәл сол себетіде психология ұстаздар өмірінде әрдайым үлкен рөл атқарады. Психологияны жақсы білген ұстазда, психикасы жақсы дамыған шәкірттер шығарады. Міне сол үшінде, мен үшін психология саласы өте маңызды. Қорыта айтқанда, психология, ең алдымен, адамның өзін-өзі жақсы түсінуіне, мінез-құлқына, эмоциональді күйіне, санасының ашық болуына әсер етеді.
2. Кейс «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру» Ең алдымен мотиватция терминініе тоқталғым келіп тұр. Мотиватцияны әр адам әр қалай түсінеді. Ал менің ойымша мотивация-әрбір жұмыстың табысты болуының қасиеттерінің бірі. Бұл қызметкерлерге жақсы көмектеседі,өнімділікті арттырады,рухты көтереді және білікті қызметкерлердің болуына мүмкіндік береді.Бірақ оны сақтау оңай емес болып табылады және әрқашан күш жұмсауды қажет етеді. Ұйым дегеніміз бірнеше адамдардан тұрантын ұжымдық топ. Ұйым 6-7 адамнан мүмкін оданда көп болуы мүмкін. Ал сол жиналған ұйымдада, адамдар бір –біріне сыйластықпен, жанашырлық танытаттын болса міне сонда ғана ұйым арасында керемет атмосфера қалыптасып, мотиватция пайда бола бастайды. Тиісінше, қызметкерлердің мотивациясы-бұл қызметкерді жоғары сапалы міндеттерді орындауға және қойылған мақсаттарға жетуге ынталандыратын, компания ішінде арнайы еңбек жағдайлары мен ынталандыруларын құру.Команда өзін 100% компанияға беруі үшін, көшбасшы әр қызметкер тиімді жұмыс істеуге ұмтылатындай қолайлы жағдай жасауы қажет. Бұл үшін қызметкерлерді ынталандырудың әр түрлі әдістері бар. Қызметкерлерді ынталандыру түрлерін екі негізгі топқа бөлуге болады - материалдық (экономикалық) және материалдық емес. Ұжымды ынталандырудың материалдық әдістері 3 түрге бөлінеді: 1. ақшалай сыйақы, 2. ақшалай емес сыйақы, 3. айыппұлдар жүйесі. Ақшалай сыйақыларға мыналар жатады: • жалақының өсуі; • сату пайызы; • бонустар мен жәрдемақылар; • әлеуметтік пакет, сақтандыру, жеңілдіктер; • компанияның қызметтеріне / өнімдеріне үлкен жеңілдіктер.