XX
ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап екі ғылымның: арнайы
педагогика мен арнайы психология саласының бағыттары дербес
дами бастады.
Арнайы
педагогика аралас ғылымдармен,
соның ішінде
медицинамен, арнайы психологиямен тығыз байланыса отырып,
педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қарастырылды.
Арнайы психология зақымдалған психикалық ерекшеліктерін,
оның ішінде себептерін, оның мэнін, заңдылыктарын, танымдык
эрекеттері мен эмоциялық-ерік саласын, тұлғалық дамуын зерттейді.
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың кұрамдас бөлігі бола
отырып, оның бір саласы ретінде дене жэне психикалық дамуында
кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялык жэне
колданбалы аспектілерін кұрастырады.
Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалык теория мен
практикада «арнайы педагогика» мен «арнайы білім беру» атаулары
катар колданылады. Бұл атаулар элемдік білім беру жүйесіндегі
гуманистік
көзқарастар
бойынша
«коррекция»,
«қолдау»
түсініктерімен сэйкес келеді. Ағылшын тіліндегі «special» атауының
түп-тамыры бойынша «ерекше, жеке» деген үғымды бере отырып,
арнайы педагогиканың жеке түрдегі бағытын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: