Психология негіздеріне кіріспе



Pdf көрінісі
Дата15.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#68122
Байланысты:
4 апта лекциялар



Психология негіздеріне кіріспе
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, 
интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін 
ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және 
практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, 
кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.
Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, 
елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен 
талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша 
бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; 
эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның 
әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы 
мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде 
немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — 
рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой 
паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.
Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын 
болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал 
пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары 
психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары 
пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).


Психология ғылымындағы зерттеу әдістері
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар 
психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін 
талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың 
негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген 
кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген 
жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға 
қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы 
қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші 
талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) 
жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі 
әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, 
ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды 
тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, 
экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің 
негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер 
өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың 
қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық 
(лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, 
құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық 
ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен 
психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін 
зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі 
қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.


Психика және сана
Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік. 
Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, 
олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – 
мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика 
болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, 
оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша ӛсіп-дамып отыратынын 
да жақсы біле алмаймыз. Нерв жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның 
денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, 
басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер 
нерв жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа 
бағынбай әрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны 
тануға, ӛзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, 
әрекеті, ӛте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер 
қолданылады. Соның кейбіреуі – мына тӛмендегілер: 
1)Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу. 
2)Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу. 
3)Медициналық клиника фактілерін зерттеу. 
4)Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің ӛсіп-дамуын зерттеу. 
Міне, осы жоғары да айтылған әдістермен адамның нерв жүйесі қалайша ӛсіп, дамып отыратындығын, 
мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін 
мәселелерді шешуге болады. 
Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен 
құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі — адам миы қалай 
құрылғанын және адамның әр түрлі кӛріністегі психикалық ӛмірімен қандай қатынаста екенін білу 
керек. 
Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның әрқайсысының 2 
тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. 
Нейронның тармақтала келіп, ӛзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар 
орталық, перифериялық (шеткі) және вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің ӛнебойына орналасқан. 
Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын 
әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек 
адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары 
тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2-ші тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің 
әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын 
басқаратын орталық болып табылады. Орталық нерв жүйесінің 2-ші бӛлігі ми. Оның орташа салмағы 
ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі 
қосылып ми бағанасын құрайды. 


Іс-әрекет
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен 
жасайтын өзара әрекеті.
Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған 
айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде 
қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген 
затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, 
сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.
Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің 
материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін 
дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.
Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған 
әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын 
жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол 
себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.
Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, 
социология, педагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.
Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. 
Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз 
болып бөлінеді.
Іс-әрекет - бұл адамның қоршаған ортамен арасындағы осы белсенді мақсатқа бағытталған іс-
әрекет формасы болып табылады, ол осы өзара әрекеттестікті туындатқан қажеттілікке жауап береді 
(С.Л.Рубинштейн). Қажеттілік бұл іс-әрекеттің алғышарты, көзі болып табылады. Алайда қажеттілік 
өзбетті іс-әрекетті анықтамайды - оны осы қажеттілік неге бағытталғаны, яғни затқа бағытталуы 
анықтайды. «Кез келген іс-әрекеттің алғышарты белгілі бір қажеттілік. Алайда, қажеттілік өзбетті іс-
әрекеттің нақты бір бағыттылығын анықтай алмайды. Қажеттілік өз анықтылығын тек іс-әрекеттің 
затында ғана алады: ол өзін сол затта табуы керек тәріздес». 


Түйсік
Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне 
тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.
Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің 
организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына 
икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді.
Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, 
түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, 
қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды дабілеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге – қабылдауға, ойлауға, 
қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып 
біле алмайды.
Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен 
құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.
И.В.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп 
аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, 
кинестезиялық, статикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді.
Балаларда түйсіктер дүние келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң 
бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Бұлар баланың дәм түйсігінің ерте дамитындығын көрсетеді. 
Баланың есту түйсігі де біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суғак толы болады да 
ештеңені естпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан 
кейін дыбысқа елемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Үш айлық бала анасының даусын тани 
бастайды. 2-3 айдан кейін бала жарыққа елеңдей бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға 
тырысады. Жарықты түйсінуді жаңа туған нәрестелерден де байқауға болады. Заттың түсін айыру кейін 
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет