сәйкес байланыс пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық
қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер
мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты
деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте
сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде
бірыңғай механизмдер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі
механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеу-
лер арқылы ғана дәлелденбек.
Елестің биохимиялық теориясы. Елес механизмін нейрофизиология-лық дәрежеде зерттеу
мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте
сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы
саты-да тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимия-лық қысқа
реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші
сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер
дейтін белок-ты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол — естің
қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық
өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді елесті есте сақтаудың механизмі болып
табылады. Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабау-құйрық
тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда,
науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға
қысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізін электрохимиялық реакциялардың биохимиялық
өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.
Елестің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі
клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап,
бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал
онтогенетикалық не дара адамның елесі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді.
Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Кеген
ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина
95 км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттана-ды. Жүргізуші емделіп шыққан
соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-ге дейінгі көргендері мен
кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралық та болған оқиғаларды
айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші
есінде сақталмағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіш-терді күшейтудің РНК
затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш;
оның өзіндік өзгеруі 10′5 -1020 — ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай
биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақга адамның елес
процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның елес процесі — өте күрделі
және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке —
организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс.
Достарыңызбен бөлісу: