«психология» пәні «Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы»



бет1/8
Дата18.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#117769
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-40078

  • «ПСИХОЛОГИЯ» пәні
  • «Адамның ерік қасиеті мен
  • өзін-өзі реттеу психологиясы»
  • 15.03.2022 ж.

Дәріс мақсаты: білімалушылардың ерік түсінігі, ерікті актінің құрылымы, шешім қабылдау және таңдау мәселесі, тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы, стресс түсінігі, стресске жауап берудің жеке стилдері мен стресске тұрақтылық түсінігі туралы білімдерін тереңдету.

  • Дәріс мақсаты: білімалушылардың ерік түсінігі, ерікті актінің құрылымы, шешім қабылдау және таңдау мәселесі, тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы, стресс түсінігі, стресске жауап берудің жеке стилдері мен стресске тұрақтылық түсінігі туралы білімдерін тереңдету.
  • Дәріс жоспары:
  • Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі. Ерік және тұлға
  • Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі, түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі

Психикалық үдерістер – бейнелеу–реттеу іс-әрекеттерінің жекеленген тұтас қозғалысы.

  • Психикалық үдерістер – бейнелеу–реттеу іс-әрекеттерінің жекеленген тұтас қозғалысы.
  • Психикалық үдерістер психикалық құбылыстардың бастау көзі.
  • Психикалық үдерістер түрі:
    • танымдық (түйсік, қабылдау, ойлау, қиял және жад)
    • еріктік
    • көңіл-күйлік
  • Адамның психикалық іс-әрекеті – бұл таным, ерік және көңіл-күй үдерістерінің бірігімі.

  • Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттауды білдіретін ұғым.
  • Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы.
  • Іс-әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару.
  • Еріктік іс-әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс-әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған.
  • Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау болып табылады. 
  • Психологиядағы ерік түсінігі
  • Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
  • Ынталандыру (инициирующая)
  • Тұрақтандыру (стабилизирующая)
  • Тежестіру
  • (ингибирующая)
  • объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет,
  • іс-қимылды
  • бастауға мәжбүр ету
  • әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті
  • бір қалыпта ұстау
  • қандай да уақыт сәтіндегі
  • іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру
  • Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;
  • Мотивацияның жетіспеушілігінен немесе көптігі кезінде әрекетке итермелеуді реттеу;
  • Адам орындайтын адекватты әрекеттер жүйесіне психикалық процестерді ұйымдастыру;
  • Қойылған мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге бағытталған психикалық және физикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
  • Ерікті актінің құрылымы
  • Саналы мақсаттардың қойылуы
  • Шешім қабылдау
  • Жоспарлау және ұйымдастыру, орындау
  • Еріктік акттің
  • пайда болуы
  • құмарлық,
  • тілек,
  • талпыныс
  • мақсат
  • мотивтер күресі,
  • басқа талпыныстардың
  • пайда болуы
  • тәсілдер мен құралдарды таңдау, орындаудың бірізділігін орнату, ішкі және сыртқы кедергілерді
  • есепке алу, шешім қабылдау
  • мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шарты ретінде көрінеді
  • Ерікті әрекеттер мен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс, басқаша айтқанда ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет, бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. 
  • Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс, адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады.
  • Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет