заңдылықтарын тұжырымдау іс-әрекет қағидаларына негізделеді. Екіншіден, адамның
айналысатын іс-әрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын және
субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-әрекеттің осындай ерекше
мотивтік түрлері адамның психикалық дамуының заңдылықтарына әсер етеді.
Мотивацияны қандай да бір әрекетті орындауға ынталандыру қабілеті немесе
адамды бір нәрсеге итермелеу қабілеті ретінде түсіндіруге болады. Егер адам басқа біреуді
ынталандырса, онда бұл жерде оң нәрсе туралы айтылады. Егер адам өзі мотивация
объектісі болып табылса, онда ол мінез-құлықтың нақты үлгісін таңдай отырып,
манипуляциялайды деген сезім пайда болуы мүмкін.
Мотивация адамның өзінен басталады. Өзін-өзі мотивациялау -маңызды процесс,
бірақ ол басқалардың мотивациясына сәйкес келсе де, оны жеке, басқа да өзін-өзі
жетілдіру дағдыларымен бірге, мысалы, өзін-өзі бекіту сияқты қарастырады.
Өзіндік мотивация дегеніміз психолог Н. Хиллдің айтуынша, бұл адам басқара
алатын жалғыз нәрсе. Басқаша айтқанда сенің қандай да бір іс-әрекетті орындауыңа
немесе орындамауыңа өзің ғана жауаптысың, өзіне ғана байланысты. Өзін-өзі
мотивациялау жеке тұлғаның тиімділігінің басты атрибуты, оның өзін-өзі іске асыруының
маңызды шарты болып табылады. Әрбір адамның өзінің жеке стратегиялық жоспары бар.
Бірақ әркімнің ерік-жігері, ынтасы немесе оны жүзеге асыруға батылдығы жете бермейд.
Өзін-өзі мотивациялау және адамды іс-әрекетке итермелейтін және қандай да бір белгілі
бір бағытта жүруге мәжбүр ететін өзіндік қана ішкі күш бар.
Бұл күш оның барлық уақыты мен кеңістігін қамтитын өмір бойғы лейтмотив
болып табылады. Өзін-өзі мотивациялау тұлғаның өмірлік басымдықтарымен, ниетімен,
ұмтылысымен, сенімдерімен тығыз байланысты. Олар іс-әрекетке итермелейтін,
белсендіріп жұмылдыру серіппесі болып табылады. Адамның потенциалдық резервтерін
белсендіре отырып, олар оны шабыттандырады және мүмкін емес нәрсеге қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Өзіндік мотвацияны әдетке айналдыру керек. Себебі өзіндік мотивация
бүкіл өміріңнің көрінісі. Өміріңе қаншалықты қанағаттануың – өзіндік мотивацияңның
салдары деп түсінген жөн.
Психологтар өзіндік мотивацияның уақыттық факторына орай үш деңгейін
ажыратып көрсетеді:
1. өзіндік мотивацияның жоғарғы деңгейі – шұғыл түрде қандай да бір әрекет жасау
керек болған кезде, соны орындау қажеттілік деңгейі жоғары болады.
2. өзіндік мотивацияның орташа деңгейі – қандай да бір маңызды әрекет орындау
керек болған жағдайда, оны орындау міндетті емес деп қажеттілік деңгейі орташа болады
3. өзіндік мотивацияның төмен деңгейі – адамға қандай да бір іс жасау ұнайды,
бірақ оның эмоциялық ынталануы, орындау қажеттілік деңгейі төмен болады, эмоциялық
қозу жұмылдырылмайды.
Осы заңдылыққа сүйене отырып, уақыттық фактордың іс-әрекетті орындау
басымдылығы критерийіне әсер ететіндігі туралы қорытынды жасауға болады. Ең
маңызды күштерді (өзіндік мотивацияны) барынша жоғары жұмылдыру кезінде іс-әрекет
дер кезінде орындалатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: