«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет27/67
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70924
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Байланысты:
Лекциялар жиынтығы

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабілеттіліктің дамуы қандай факторларға байланысты?

  2. Қабілет пен нышанға анықтама беріңіз.

  3. Дивергентті ойлау дегеніміз не?

  4. Шығармашылық дарындылық құрылымына не кіреді?

  5. Дарынды балалардың өзгеше айырмашылықтары бар ма?



Әдебиеттері:

  1. Джакупов С.М. Проблема развития способностей в новом ракурсе// Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Алматы, 2004.

  2. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. М., 1998.

  3. Одаренные дети. Пер. с англ. /Общ. ред. Г.В. Бурменской и В.М. Слуцкого. М., 1991.

  4. Платонов К.К. Проблемы способностей. М., 1999.

  5. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 2002.

Дәріс 15/ Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуы
Мазмұны:

Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетті лабораториялық және табиғи зерттеулердің нәтижелеріндегі шынайы оқу процесінің нақты және кейбір жасанды жағдайлары тұлғаның даму мәселелеріне басқаша қарауға мүмкіндік береді. Оқыту процесінің жасандылығы оған қатысқан индивидтер өздерінің тұлғалық қасиеттерін рөлдік қызметтерінің «киімі» мен алдын-ала жазып қою арқылы өзін көрсетуге «мәжбүр» болғандығынан көрінеді. Оқытушы немесе студент рөліндегі тұлға көліктің қарбалас жүріс сәтінде жолаушы рөліндегі сол тұлға өзін мүлдем басқаша көрсетеді. Сондықтан, тұлғаны әсіресе, оқыту процесіндегі оның дамуын зерттеу ерекше ыңғайды табуды талап етеді.


Тұлға қазіргі психология ғылымындағы шешілмеген міндеттер ашылмаған жұмбақ тәрізді айтарлықтай кең спектрмен таныстырылды. Процессуалды-динамикалық жағынан - бұл, тұлғаның дамуымен, яғни оның уақыт пен кеңістікте сандық-сапалық өзгерістерімен байланысты мәселелер. Тұлғаның статика-морфологиялық жағы осы кеңістіктің белгілі бір нүктесіндегі уақыттың нақты сәтінде адам сапаларының кейбір қалыптасқан жүйесі ретінде қарастырғанда ашылады.
Әртүрлі зерттеушілердің тұлға ұғымына әр алуан мән беруі тұлға мәселесінің көп аспектілігі және онымен байланысты терминологиялық үндестік, ең алдымен уақыт пен кеңістіктегі зерттеу объектісіне жеткіліксіз айқын тоқталуы ескертіледі. Сонымен қоса, тұлғаға қатысты уақыт пен кеңістіктің физикалық параметрлерін және олардың психологиялық өзара байланыстылығын міндетті түрде ажырату керектігінен іс қиындап кетеді. Дәл осыған байланысты, А.Н. Леонтьев өзінің соңғы еңбектерінде тұлғаны ішкі, психологиялықтың өзі ретінде - мағыналар мен мәндер жүйесін - әлем бейнесінің бесінші квази өлшемін енгізуді талап етті.
Оқу процесіне беріліп, толығымен кіріскен тұлға - бұл ерекше психологиялық шындық, оны теңбе-тең сипаттау үшін арнайы ұйымдастырылған зерттеулер аясында жаңа ұғымдарды пайдалану қажет.
Психологиялық жағынан ең маңызды өзара әрекеттестік, мұндағы оқыту мен оқу іс-әрекеттері бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекетке қайта өзгеру процесімен сипатталатын, үлгінің микродеңгейінде жүреді.
Қарастырылған үлгі «ресми», «тұлғалық» және «іс-әрекеттік» деп белгілеуге болатын педагогтар мен оқушылар ынтымақтастығы дамуының әртүрлі үш деңгейін сипаттауға мүмкіндік берді. Субъектілер іс-әрекетінің жетекші формаларының төрт түрін осы деңгейлердің әрбіреуінде анықтауға мүмкіндік беретін мақсатқұрылым, мағынақұрылым, түрткіқұрылым процестерін талдау, ынтымақтастықтың әр түрлі он екі нұсқаларын сипаттауға мүмкіндік береді. Әрбір нұсқа оқитынның тұлғасының дамуы үшін белгілі жағдайларды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда көрсетілгендей, шығармашылық ойлаудың негізі болып, көбінесе тікелей бақылаудан жасырын болатын мәселелік жағдайдың диалогтылығы саналады. Сондықтан, оқыту жағдайындағы шығармашылықтың психологиялық негізінің қамтамасыз етілудің кепілдік шарты болып, оқыту процесінде мақсатты түрде дамып қалыптасатын және дамитын бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекеттің әр түрлі формалары көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет