Такесика– адам психикасының көріністерін серіктестердің жанасуын зерттейтін ғылыми аумақ. Жанасу қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалдық жақындығының деңгейін және статустық-ролдік бағытын бейнелейді.
Коммуникативті жанасулардың көптеген түрлерінің ішінде қол алысудың мәні үлкен.
Мамандар қол алысудың үш түрін анықтайды: тең құқылы, өктем етуші, елгезек (тіл алушы).
Тең құқылы қол алысу (қатты, алақан түзу беріледі, еденге тіке).
Өктем етуші қол алысу (қол жоғары жақтан беріледі, алақанды төмен, әңгімелесушінің қолы кідіруі мүмкін) серіктестің өзі туралы ойы өте жоғары екендігі туралы айтады, өзара әрекеттесу кезінде оның мақсаттылық пен өктемдікке бел байлағандығы туралы айтады.
Елгезек қол алысу (қол солғын түрде төменнен, алақан жоғары беріледі) серіктестің өктемдігін мойындауға дайын тұрғандығын бейнелейді.
Қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін праксемика деген ғылыми аумақ зерттейді (ағылшынның proxiti - жақындық).
Тұлғааралық кеңістік зоналарға бөлінеді:
Сырластық зонасы (0-45 см) жақын адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған (жақындармен, сүйіктілермен). Бұл зонаға қарым-қатынас жасау үшін сенімділік, тактильдік байланыс пен жәй сөйлеу тән.
Жеке зона (45-120 см) жақсы таныс адамдармен қарым-қатынас жасауға арналады (достармен, ұжымда істескен адамдармен)
Әлеуметтік зона (120-400 см) іскерлік қарым-қатынасты жүргізу үшін аз таныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған. Бастықпен оның қол астында жұмыс істейтіндермен қарым-қатынас жасағанда әлеуметтік зонаны пайдаланады. Түрлі кездесулер жасау үшін пайдаланылады.
Көпшілік зонасы (400 см, жоғары) үлкен аудиторияларда қарым-қатынас жасару үшін арналған. Қарым-қатынас серіктерінің бірінің коммуникативті арақашықтықты бұзуы қарым-қатынастың психологиялық жағдайының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
.
Вербальды емес қарым-қатынасты дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.
“Сыйлық” жаттығуы. Әрбір ойыншы сөзсіз қимыл-қозғалыс, ым-ишара арқылы туылған күнін тойлаушы адамға қандай сыйлық “сыйлайтынын” көрсетеді, ал қалғандары оның не екендігін табуға тырысады.
“Хабарландыру” жаттығуы
Ойыншылар екі адамнан жұптасады. Әркім сөзсіз қимыл-қозғалыс арқылы өзінің серіктесіне қандай да бір хабар айтуы керек, ал ол болса қандай хабар айтатындығы туралы айтып беруі керек. Содан кейін рөлдер ауысады.
«Нысанашы» жаттығуы Ойыншылар екі топқа бөлінеді, әрбір топ жеке қағаздарға бірнеше сөз жазады. Содан кейін қарсы топтың бір ойыншысын шақырып «сөздердің» біреуін оқып қимыл-қозғалыс, ым-ишара арқылы сол сөздің мағынасын көрсету ұсынылады. Команда сол сөзді тапқаннан кейінекінші топтың бір ойыншысы шақырылады. Қай команданың тура және дұрыс тапқаны салыстырылады.