«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2022



бет20/67
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70924
түріКонспект
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:
Лекциялар жиынтығы

Қайта жасау қиялы
Қайта жасау қиялы деп объектіні бейнелеуге сәйкес сол объектінің бейнесін құруды айтады.
Қандайда бір эксперименттің сипатын психология оқулығынан оқи отырып, студент өзіне зерттелушінің әрекетін, экспериментатордың әрекетін, бұл әрекеттердің нәтижесін және т.б. айқын елестетуі керек. Бұл қайта жасау қиялының қызметі болып табылады. Әсіресе қайта жасау қиялы объектілері жеке тәжірибеден таныс емес ғылымдарды зерттеу кезінде үлкен рөл ойнайды. Бұл ботаника, зоология, география, әсіресе тарихқа қатысты; бағыда, сол уақыттың адамдары мен олар әрекеттескен жағдайларға қатысты,— оларды тек қиялдың көмегімен ғана елестетуге болады. Қайта жасау қиялына сүйенбей, тарихты зерттеу, сөздерді механикалық түрде есте сақтау деңгейінде қалып қояды.
Арман
Қиялдың ерекше формасы арман болып табылады. Шығармашылық қиял сияқты, арман бұл жаңа образдарды дербес құру. Бірақ ол шығармашылық қиялдан екі мәнді сипаты арқылы ерекшеленеді:
1. Арман қалайтын бейнені құру, ал шығармашылық қиялдың бейнесінде автордың тілегі әрқашан орындала бермейді.
2. Арман шығармашылық қиялға қосылмаған, яғни, көркем туынды, ғылыми ашу, техникалық ойлап табу және т.б. түрінде тез арада және тікелей өнім бермейтін қиял процесі болып табылады.
Бірақ, арман іс-әрекетпен ешқандай байланыспайды деген сөз емес. Арман қазіргі емес, болашақ іс-әрекетке бағытталған, сондықтан ол шығармашылық қиялдың алғашқы, дайындық кезеңін құрады. Шығармашылық қиялдың күшімен ойлап табушы қазіргі уақыттағы жұмыс істеп жатқан аппараттың конструкциясын құрады, ал арманда оның болашақ жұмысының кескінін, оны қызықтыратын шығармашылық ниеттердің орындалуын суретейді.
Арман — қалайтын болашағына бағытталған қиял процесі. Арманды пассивті, қиялдың еріксіз ойыны ретінде түсіну дұрыс емес. Қиялдың бұл формасының төменгі деңгейін жасайтын арман да бола алады. Жоғары деңгейлерде арман белсенді, ерікті, саналы процесс болып табылады.
Арманның құндылығы адам іс-әрекетіне қатынасынан анықталады.
Адам өмірден арманға кетіп, әрекет етудің орнына армандап, адам іс­-әрекетінің өзгерген уақытында арман мүлдем бөлек сипатта болады. Ондай адамдар армандай жүріп, алдына емес, жан-жағына қарайды. Олар армандарында өздері тілеп жүрген тілектерін табады және бұл осы тілектердің шынайы орындалуымен күресу қажеттілігінен арылтады. Ондай адамдарды «бос арманшылдар» деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет