«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023



бет41/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

«Сезімдерді беру». Ойыншылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Бірінші ойыншы екіншісіне қарап ым-ишара арқылы қандай да бір сезім көрсетеді (қуаныш, реніш, таң қалу, қайғы, т.б.). Екіншісі тура сол сезімді үшіншісіне береді, т.б. Ең соңғы ойыншыдан оның қандай сезім (эмоцияны)қабылдап алғанын сұраймыз және басында қандадй сезім берілгендігі туралы бірінші ойыншыдан анықтаймыз.
Қарым-қатынастың өзара әрекеттестік қызметі (интерактивті жағы).
Қарым-қатынасқа түсетін кезде, я болмаса басқа дамға сұрақпен, бұйрықпен, бір нәрсені түсіндіру немесе суреттеу кезінде адамдар өз алдына басқа адамға ықпал ету мақсатын қояды. Яғни, одан өзіне керекті жауап алу үшін, тапсырманы орындату үшін, осы күнге дейін түсінбегенін түсіну үшін басқа адамға ықпал етеді. Қарым-қатынас мақсаты адамдардың бірлескен іс-әрекет қажеттіліктерін бейнелендіреді. Бұл жерде қарым-қатынас тұлғааралық әрекеттестік ретінде, яғни адамдардың бірлескен іс-әрекет процесінде қалыптасатын байланыстар және өзара ықпал ету жиынтығы ретінде шығады.
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайында өтеді. Әлеуметтік норма негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік норма дегеніміз – қоғамда қабылданған мінез-құлық үлгілері. Қоғам әлеуметтік норма ретінде өзі қабылдаған , қолдау көрсеткен, таратқан және әр адамнан күтетін мінез-құлық үлгілерінің ерекше жүйесі. Оларды бұзу нормадан ауытқыған мінез-құлықты жөндеуді, түзетуді қамтамасыз ететін әлеуметтік бақылау механизмдерін қосады (сынау, жазалау, жақтырмау). Өзара әрекеттестік процесін де әлеуметтік бақылалу қарым-қатынас жасаушы адамдардың “орындаған” рөлдер репертуарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Психология ғылымында роль деп әркімнің сол әлеуметтік позицияны алатын,әркімнен қоршағандардың күтетін нормативті қолдаған мінез-құлық үлгісін айтамыз (қызметі бойынша, жас және жыныстық ерекшелік бойынша, отбасында алатын орнына, т.б. байланысты). Бір адамның өзі әр түрлі қарым-қатынас ситуациясында әр түрлі рөлдерді орындайды. Мысалы, адам қызмет бабы бойынша директор бола тұрса да, ауырып қалғанда ауруддың рөлін ойнайды. Рөлдік позициялардың көптігі олардың қақтығысып қалуын, яғни, рөлдік конфликтілерге әкелуі мүмкін. Мысалы, мұғалім өз баласының мінезіндегі кемшіліктерді біле тұра, қаталдау болу керек екенін біледі, бірақ оның анасы ретінде ол кей кезде әлсіздік білдіріп, осы жағымсыз қасиеттердің бекіп қалуына ықпал етеді. Әр түрлі рөлдерді орындайтын адамдардың өзара әрекет етуі рөлдік күтулермен басқарылады. Істегісі келе ме, жоқ па бірақ адам қоршағандардың одан үлгіге сәйкес мінез-құлық күтеді.
Соынмен, қарым-қатынас процесінің табысты болуының қажетті шарты болып өзара әрекет етуші адамдардың бір-бірінен күтетін мінез-құлқының сәйкестігі табылады.
Қарым-қатынастың интреактивті жағы – адамаралық қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанада жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Тұлғааралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады:
Әр түрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметтік мотивтер айқындалған.

  1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві);

  2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);

  3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция);

  4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм);

  5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);

  6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік).

Әр түрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін әрекеттесуді координат жүйесінде (1-сурет) тұрғызуға болады.

У осінде - өз мақсаттарына, Х осінде басқалардың мақсаттарына
бағытталған әрекеттесу стратегиялары тұрғызылған. Әрбір шкалада максимум (ең жоғарғы) және минимум (ең төменгі) бағытталу деңгейлері анықталады. Бастапқы әлеуметтік мотивацияға байланысты қатынасушылардың (әрекетке түсушілер) бес негізгі стратегиясын белгілеп көрсетуге болады.
Қ нүктесі «қарсы әрекет» (бақталастық, конкуренция) толығымен өз мақсатына бағытталу.
А нүктесі – аластаушылық, басқаның жетістігін төмендету мақсатымен, өз мақсатын жоғарылату (индивидуализм, агрессия).
К нүктесі «көнгіштік» стратегиясын көрсетеді (альтруизм мотиві). Бұл жағдайда адам өз мақсаттарын басқаның мүддесіне айырбастайды (көндіреді).
Ы нүктесі – ымыраға келу (компромисс), жетістіктер арасындағы айырмашылықты неғұрлым төмендету. Шартты теңдікке жету үшін өз мақсаттарын толық іске асырмау (теңдік).
Б нүктесі – бірлескен әрекет (ынтымақтастық) әрбір қатынасушының мүддесін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бұл жағдайда әлеуметтік мотивтердің екеуінің біреуі (кооперация мен бәсекелестік) іске асырылады.
Соңғы стратегияны әрекеттесу нәтижелілігі тұрғысынан да, әрекеттесушілердің өзара қарым-қатынасы мен өзін сезінуі тұрғысынан да ең нәтижелісі деп қарастыруға болады. Сонымен бірге іске асырылуы тұрғысынан ең қиыны, себебі қарым-қатынасқа түсушілерден, басқаның мүддесін түсіне білу, туындайтын қарам-қайшылықтарды шеше білу талап етіледі. Көбінесе, адамдарды бірлескен әрекет жасатуға үйрету, белсенді әлеуметтік-психологиялық біліммен қаруландыру әдістері арқылы шешілетін дербес психологиялық міндет.
Әрекеттесу процесінің маңызды сипататмаларын қарастырудың бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселен, Т. Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің әрбір бөлек актісінің мынандай элементтері бар: а) әрекет етуші; ә) «басқа обьект» (әрекет бағытталған обьект); б) нормалар (әрекеттің ұйымдастырылуындағы); в) құндылықтар (әрбір әрекеттсушінің қабылдағандары); г) ситуация – жағдай (әрекет жасалынатын кездегі). Бұл өте «абстрактылы» теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды.
Екінші бір түрі, әрекеттесу сатыларын қарастырумен байланысты. Поляк социологы Я. Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В. Н. Панферов та (1987) қарастырады.
Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактылы талдауда – қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуацияны есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады (Берн, 1988). Осы әдіс кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактылы талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның біреуінде болады (2 схема).
Шартты түрде бұл позицияларды – Ата-ана, Ересек, Бала деп делгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы «Қалаймын!», Ата-ана позициясы «Керек!», Ересек позициясы «Қалаймын» мен «Керектің» бірлесуі.
Әрбір әрекетте мінез-құлық пен әрекеттің өз стилі болады. Негізінен стиль үш түрлі: ритуалды (салт-жоралары), манипулятивті және гуманистік болып ажыратылады. Ритуалды стиль негізінде стильді ситуациямен сәйкестендіру қажеттігінен анық көрінеді. Стиль әдетте белгілі мәдениетпен анықталады. Мысалға, амандасу стилі. Американдық мәдениетте «Хал қалай?» дегенде «өте жақсы» деген жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне жауап беріледі, хал нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ мәдениетінде «аралық» стиль қалыптасқан. Қазақтар көбіне «жаман емес», «орташа», «жайлап жүріп жатырмыз» деген жауаптар береді. Бір салттың адамы екінші бір салттың жауабын естігенде түсініспеушілік туындауы мүмкін. Манипулятивті және гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік психологиядағы өздігінен үлкен проблема болып есептеледі.
Әрекеттесудің инвариантты сипаттамаларын қарастыруды Р. Бейлс 4 категорияның көмегімен көрсетеді: позитивті (оң) эмоциялар аймағы, негативті (теріс) эмоциялар аймағы, проблемаларды шешу және проблемаларды қою аймақтары. Өз кезегінде әрбір категория бірнеше маңызды көріністермен айқындалады (схема түрінде 2-суретте көрсетілген).



Әрекеттесуді талдау категориясы

Маңызды мінез-құлықтық көріністер

Оң эмоциялар аймағы

Ынтымақтастық, шиеленісті шешу, келісім

Проблеманы шешу аймағы

Ұсыныс, нұсқау, пікір басқалардың бағдары

Проблема қою аймағы

Мәлімет туралы өтініш, пікір айтуға ұсыныс, нұсқауға ұсыныс

Теріс эмоциялар аймағы

Келіспеушілік, шиеленіс тудыру, қарама-қарсылық көрсету

2 сурет. Әрекеттесудің сипаттамалары


Нақты әсерлесу барысында әрбір категориялық көрінуінің жиілігі мен формасын тіркеп жазып отырып, оның ерекшеліктерін түсінуге болады. Мысалы, қарым-қатынас қандай сферада өтуде, неге бағытталған, қатысушылардың өздерін ұстауы үйлесімді болды ма, әлде бір-бірінен алыстауға бағытталды ма, тағы сол сияқтылар. Осындай ерекшеліктер педагогтық әсерлесу барысында да көрініс береді (мысалы, сабақ үстінде мұғалім мен оқушы).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет