Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет69/79
Дата08.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#80599
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
Байланысты:
Дәрістер тезистері модуль

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:



1

№9 -дәріс

Дәріс 9. Жеке адамдық және топтық қарым-қатынас.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қарым-қатынастуралы жалпы ұғым. Қарым-қатынастыңқызметтері.Қарым-қатынастың түрлері мен құрылымы.

  2. Қарым-қатынастың коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік жақтары.

  3. Қарым-қатынастыңтұлғааралық қатынастардағы рөлі.

  4. Қарым-қатынастың тәсілдері, әдістері мен техникалары.

  5. Педагогикалық қарым-қатынас жөнінде ұғым.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кілттік сөздер: Топ, референтті топ, диффузды топ, үлкен топ, кіші топ, ұжым, әлеуметтік-психологиялық тренинг, көшбасшы, басшы, топтың заңдылықтары, топтың қасиеттері, симпатия – антипатия.
Тәрбиелеу объектісі ретінде әдетте жеке баладан гөрі, әртүрлі сипаттар бойынша біріктірілген, балалардың әртүрлі топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Шартты топтар бір-бірімен тікелей не жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады (ұлттық, жас шамасы, жыныстық және т.б.). Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Шағын топтар бұл – ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар.
“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны - “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев /6/, М.И.Лисина /7/, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова , Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева /9/ және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз.
Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов бүтіндей оқу-тәрбие үрдісініің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті (совместно-диалогическая познавательная деятельность) тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрлымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А.Н.Леоньтев М.И.Лисина концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрлымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады.
Ал М.И.Бобнева қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда “қарым-қатынас стилі” деген ұғым да анықталынады, “қарым-қатынас стилі” деп адамдардың байланыс жасау техникасын, не болмаса позициясын айтады (Х.Т.Шерьязданова, Т.Н.Суркова).
Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев /25/ т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арсындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіріледі.
Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі. (Х.Т.Шерьязданова, В.Ф.Моргун т.б.).
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы - балалар мен педагогтың “субьект-субьект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, балалар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.
В.С.Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.
Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, балалар ерекшелігі, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.
Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың балаларға әсер етуін байқатады. Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың балалардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалар инициативасын табан асты етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда балалардың өз мінез-құлқын, жүріс - тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен балалардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог балалардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға мүмкіндік жасайды. Мейірім, достық негізіндегі дара стиль арқылы балалардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады.
Педагогикалық қарым-қатынастың либералды – босаң стилі негізінде балалардың өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс –тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы сияқты негативтер болады. Бұл педагогтың кәсіби әлсіздігімен, енжарлығымен түсіндіріледі.
Әрбір педагогтың қарым-қатынас сферасында барлық стилдер қолданылғанымен бірі басымдылау болады (А.В.Мудрик, /27/ В.С.Мухина).
Педагогтың қарым-қатынас стилі мен балалардың эмоциялық қалпында өзара байланыс болатынын А.А. Бодалев жариялаған. Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вервальды тестік әдістерге сандық, сапалық жағынан бақылауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар – аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын – қолдану аса тиімді (Л.А.Петровская). Бұл зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді толық (саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-әрекетін диагностикалау дәлдікке ие болды деп ұйғарамыз. Алайда, барлық қарым-қатынас компоненттерін зертттеуге арналған әдіс тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне симайтындығы даусыз
Топтағы тұлғааралық белдерді анықтаудың танымал әдістерінің бірі болып, Джекоб Морено (1892-1974) ұсынған, социометрия саналады. Д. Морено /15,26/ теориясына сәйкес, барлық келіспеушіліктер, күштеулер, соның ішінде әлеуметті те, шағын жәнеөте үлкенқұрылымдардың сәйес келмеуінің салдарынан болады. Оның пікірі бойынша, тұлғаның адамдарға психологиялық қатысын білдіретін, симпатиялар мен антипатиялар жүйесінің жеке адамға берілген өте үлкен құрылымының шеңберіне көбінесе сыймай қалатынын осы сәйкессіздік көрсетеді. Енді шағын - және үлкен құрылымдарды сәйкестендіру міндеті пайда болады. Дәл осы мақсатта, қандай орын ауыстырулар қажет екенін білу үшін симпатиялар мен антипатияларды анықтайтын, социометриялық әдістеме қолданылады.
Социометриялық сауалнама анкеталық сауалнамадан немесе сұхбаттан ерекше айрықшаланады, өйткені топ мүшелеріне қойылатын сауалдар олардың ара-қатынастарының эмоционалдық жағын қамтиды. Мұнда толық құпиялық болуы мүмкін емес, әйтпесе социометрия нәтижесі тиімсіз болады.
Осыған байланысты, социометрия зерттеуіне кіргізуге тиісті, әлеуметтік- психологиялық маңызды міндет пайда болады, - тұлғаның топ мүшелерінің кейбіреулерімен эмоционалдық байланыс жасауының және кейбіреулерін қаламауының мотивтерін анықтау. Сұрақ тікелей қойылса, кейде шынайы жауап қайтарылмайды, сонымен бірге жеке адам бір адамды неге қалайтыны және басқасын неге қалмайтыны жайында өзіне-өзі есеп бермейді. Осыған орай, көрсетілген мақсаттарға жетуде тұлғааралық таңдаулардың мотивациясын қосалқы мәліметтер негізінде эксперименттік жолмен анықтау маңызды болып табылады.
Жеке адам таңдаған ұжым ішіндегі бұл адамдар тобын қалай белгілеуге болады? Әдетте, бұл адамдар тобын референт тобы деген ұғыммен біріктіреді. Референт (эталон) тобы деп көзқарастары, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзінің нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап қана қоймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да.
Референт тобын түсінудегі ең маңыздысы – жеке тұлғаны референт тобының бағалау факторы: субъект өзінің қылықтарын, өзінің тұлғалық қасиеттерін, іс-әрекетінің маңызды жағдайларын және т.б. бағалауға бағыттауы. Референт тобының құндылықтары мен нормалары жеке адамның тұрақты бағыты болып қалуы үшін, ол өзінің шынайы қылықтарын олармен үнемі салыстырып отыруы керек. Жеке адам өзінің айналасындағы көптеген адамдар ішінен, өзіне ерекше субъективтік маңызды қасиеті, ерекше сипаттамасы – референттілігі бар, - деп санайтындарын таңдап алады.
Референтометрияның идеясы мынада: біріншіден, сыналушыға алдын ала таңдалған және маңызды объектілерге байланысты топтың кез-келген мүшесінің пікірімен танысуға мүмкіндік беру; екіншіден – таңдалатын мұндай адамдар санын қатаң шектеу. Бұл сыналушыларды басқаларға қарағанда, пікірі мен бағалауы қызықтыратын, адамдар шеңберіне талғамдылығының жоғары деңгейін көрсетуге мәжбүр етті. Референтометрия процедурасының төмендегілерден тұрады. Эксперимент жасаушы әрбір сыналушымен жеке әңгімелесе отырып, оның жолдастарының оған берген бағалауларының кейбіреуін кездейсоқ біліп қалуы мүмкін дегенге әкеледі. Сыналушы топ ішіндегі біреуді белгілеген соң, эксперимент жасаушы оның тағы бір, мүмкін соңғы, таңдау жасай алатынын айтты. Соңында, сыналушыға соңғы, енді ақырғы, таңдауды жасауға рұқсат береді. Нұсқау сыналушы өзіне ары қарай бағалаудың нешеуімен танысуға рұқсат берілетіні жайлы алдын ала білмейтіндей етіліп арнайы жасалған. Референтометриялық процедураның көмегімен референттілік құбылыстарын зерттеу әлдеқайда қызықты нәтижелерге әкелді. Олар әр ұжымда болатын таңдаулар мен қалаулардың ерекше жүйесі туралы, референтті сипатқа негізделген, жорамалдар толығымен көрсетеді. Референтометриялық процедура жедел жасалады, және ол мәртебелік құрылымды, өзара қалаулардың болуы немесе оның болмауы жайлы түсінікті қалыптастырады, таңдаудың мотивациялық өзегін ашуға, мәліметтерді математикалық өңдеуге және оларды графика түрінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Лидер – топ мүшелерінің мақсаттарынқамтитын және топтық іс-әрекеттің сипаты мен бағытын анықтайтын жауапты шешімдерді қабылдауға құқықты екенін топтың қалған барлық мүшелері мойындаған тұлға. Сонымен, неғұрлым беделді тұлға бола отырып, лидер бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы ара-қатынастарды реттеуде шынайы басты рөлді атқарады. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады.
Бақылау сұрақтары.
Топтың қалыптасуының заңдылықтары мен негізгі қасиеттері.
Топтың даму кезеңдері.
Топты өлшеу әдістері: социометрия, референтометрия. Көшбасшы туралы түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет