Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


§ 2. Ерiктiң физиологиялық негiздерi



бет32/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#123058
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Байланысты:
Дәрістер тезистері модуль111 (1)

§ 2. Ерiктiң физиологиялық негiздерi.
Ерiктiк әрекеттердiң физиологиялық механизмдерiн былай түсiндiруге болады. Үлкен ми сыңарларының төбелiк бөлiгiнде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ орналасқан. Ол ми қыртысының барлық аумақтарымен, соның iшiнде барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгiлi бiр аумағында пайда болған қозудың қимыл-қозғалыс аумағына жетiп, онда да осындай процесс туғызу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлiгiнiң мидың басқа бөлiктерiмен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерiнiң алға шарты болады. Бiрақ мұндай байланыс мiнез-құлықты ерiктiк реттеу механизмiн толық қамти алмайды. Сондықтан екiншi сигалдық байланыстардың рөлiнде ескеру керек. Өйткенi, екiншi сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесiне қосылады да, оның қызметiн әлдеқайда күрделендiрiп жiбередi.
Екiншi сигналдық байланыстар негiзiнде адам мiнез-құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуi жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгiлiн, сипатын, тәсiлiн, қарқынын т.б. анықтау атқарылады. екiншi сигнал жүйесiнiң тiтiркендiргiштерi адам мiнез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлiгiнiң ғана белсендiлiгiн арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрiздi көптеген психикалық процестердiң басталуының сигналы болады, зейiндi реттейдi, сезiмдi туғызады. Екiншi сигналдар (сөздер) көмегiмен адамның бүкiл саналы әрекетi жүзеге асып реттелiнедi. Екiншi сигналдық байланыстар қимыл әрекеттердi бөгеу, ерiктi тежеу қызметiнде шешушi рөл атқарады.
Сонымен, екiншi сигналдық байланыстар ақпараттың талдағыштан қозғалыс бөлiгiне жылжудың бағытын өзгертедi. Бұл ақпарат өте күрделi жолдан өтедi. И.П.Павлов қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкiл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесi деп түсiндiредi. Ал сананың реттегiш жағы ретiнде ерiк шартты рефлекстiк табиғатқа ие. Уақытша жүйкелiк байланыстар негiзiнде сан алуан ассоциациялар мен олардың жүйелерi қалыптасып нығаяды да бұлардың өздерi мақсатты мiнез-құлыққа жағдайлар жасайды.
Тәжiрибе ерiктi реттеуде ми қыртысының маңдай бөлiгiнiң айырықша маңызы бар екенiн көрсетiп отыр. Әр сәт сайын жүзеге асып жатқан нәтиже мен алдын ала жасалынған мақсат бағдарламасының салыстырылуы тап осы жерде өтедi. Маңдай бөлiмiне зақым келу қимыл-қозғалысты, әрекеттi ырықты реттеудiң бұзылуынан көрiнетiн апраксияға әкеп соғады. Мұндай адам қандай-бiр әрекеттi орындауды бастап, кез-келген кездейсоқ әсердiң нәтижесiнде оны бiрден тоқтатады не өзгертедi, яғни ерiктiк актыны жүзеге асыру мүмкiн емес. Ми патологиясы негiзiнде iс-әрекетке түрткiнiң болмауынан, шешiм қабылдауға, қажеттi әрекеттi жүзеге асыруға қабiлетсiздiктен көрiнетiн абулия (ерiктiң әлсiреуi) пайда болуы мүмкiн. Абулия ми қыртысының патологиялық тежелуiнен туындайды.
Мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуiнiң рефлекстiк табиғаты ми қыртысында қозудың оптималдық орны жасалуының алға шарты. Оптималдық қозу орны- бұл ми қыртысындағы жұмыс орны. Ол адамның осы сәттегi негiзгi iс-әрекетiн жүзеге асырады.
Мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуiнiң жалпы механизмiндегi ретикулярлық формацияның маңызды мәнiн атамай кетуге болмайды. Ретикулярлық формацияның ми қыртысына баратын белгiлi бiр импульстердi iрiктеп алып, өмiрлiк мәнi жоқтарын бөгеп отыратын ерекше сүзгi тәрiздi екенi белгiлi боп отыр. Ретикулярлық формация бұл импульстердi електен өткiзедi. Сол сияқты ретикулярлық формацияның ми қыртысын энергиямен қамтамасыз ететiн өзiндiк аккумулятор және басқару пультi екендiгi жалпыға белгiлi.
П.К.Анохин ұсынған мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуi механизмi ретiнде әрекет акцепторы ұғымы бiздiң түсiнiктерiмiздi одан әрi тереңде түседi. Оның мәнiсi – жүйке процестерiнiң сыртқы оқиғалар барысынан оза жүретiндей көрiнетiндiгiнде. Бұрынғы тәжiрибе негiзiнде адам жүйке жүйесiнде болашақта берiлетiн әсердi алын ала бiледi. Сигнал негiзiнде мида көп рет қайталау арқылы қалыптасқан жүйкелiк байланыстардың бүкiл кешенi, ассоциациялардың барлық жүйесi қалпына келтiрiледi.
Сонымен, саналы басқарылатын мiнез-құлық үлкен ми сыңарларында өтiп жататын көптеген күрделi процестердiң өзара әсерiнiң нәтижесi болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет