Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қорытынды: Эмоция дегенімізадамның қажеттілікерінің қанағаттану және қанағаттанбау күйін көрсететін психикалық құбылысардың жиынтығы. Табиғатта 4 базалық эмоция бар, олар: қуаныш, қорқыныш, ашу, күрсіну (мұңаю). Бұл эмоциялар ағза жұмысымен тығыз байланысты. Әрбір эмоцияның өз келбеті болады: қуанышта –күлу, ашуда – қабақ түю, қорқуда –көзді үлкейтіп, басты артқа шегіндіру, мұңайғанда –қабақты түсіріп, көзге жас алу.
2-қорытынды:Осы эмоцияларды өзінде және өзгелерде танып, басқара білу қабілетін эмоциялық интеллект деп атайды. Р.Бар-Он бойынша, ЭИ теориясы бес компоненттерден тұрады: өзін тану; тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, әлеуметтік жауапкершілік; бейімделуге қабілеттілік;стрестік ситуацияларды басқару; басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм.
3-қорытынды: Эмоцияны басқару үшін, алдымен оны түсіну қажет. Ал түсіну процессі адамның когнитивті ойлар аймағына жатады. Демек, әрбір эмоция негізінде нақты бір түсінік, оны тудырған ой жатады. Осы бірлікте олар адам іс-әрекетін анықтаушы күш ретінде анықталады.
4-қорытынды: Эмоцияларды түсіну жарты жетістік болып табылады. Ары қарай оны басқару қабілетін дамыту қажет. Бұл жерде эмоциялық интеллект дағдылары іске қосылады. Эмоцияларды түсіну үшін «эмоциялар күнделігін» жүргізіңіз, ал басқару үшін дене әлеуеті (потенциалы) мен ой қуатын пайдаланыңыз.
Сондықтан, эмоциялармен күресу емес, оларды қабылдап, достасу стратегиясын қолға алып, өз өміріңіздегі қуаныш пен бақыт бояуларын көбейтіңіз!
Әдебиеттер. Выготский Л.С Эмоции и их развитие в детском возрасте. М. 1982 Т.Г. (416-436 беттер).
Василюк ФМ. Психология переживания. – М., 1984. – Б. 8-87.
Вартанян Г.А., Петров Е.С. Эмоции и поведение. Л. 1987 (7-19 беттер).
Немов Р.В. Психология. Книга 1 М. 2003. Б. 335-457.
Маклаков А.К. Общая психология: Учебник для вузов. – Питер 2004. – Б. 392-454.
Гаврилова Т.П. О восприятии нравственных чувств М. 1984 (10-22 беттер).
Додонов Б.И. Эмоция как ценность. – М., 1978. – Б. 23-57, 104-126.
Изард К.Е. Эмоции человека. – М., 1980.- Б. 210-397.
Платонов К.К. Система психологии и теория отражения. – М., 1982. – Б. 92-97.
Шакуров Р.Х. Психология эмоции: новый подход. // Мир психологии, 2002, N 4, с.30-44.
×уприкова Н.И. Эмоциональные сигналы, определяющие выбор жизненного пути. // Мир психологии, 2002, N 4, с.44-47.
Горбатков А.А. Успешность деятельности и эмоции: эскиз модели. // Мир психологии, 2002, N 4, с.48-64.
Бездыдько А.В. Книга в эмоциональной сфере челавека. // Мир психологии, 2002, N 4, с.85-89.