Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


-ОН: Тұлғалық дамудағы құндылықтар жүйесінің психологиялық ерекшеліктерін талдау арқылы тәжірибе мәселелерін шешу тәсілдерін түсіндіру



бет36/67
Дата11.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#137138
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
Дәріс Модуль Психология

2-ОН: Тұлғалық дамудағы құндылықтар жүйесінің психологиялық ерекшеліктерін талдау арқылы тәжірибе мәселелерін шешу тәсілдерін түсіндіру;

3-ОН: Құндылық бағдары мен қызығушылықтарының шынайы ұйымдастырылуы, психологиялық және тұлғалық қасиеттерінің дамуының нәтижелі болуына жетелейтінпсихотехнологияларды қолдану;

4-ОН: Өмірлік қоғамдық пайдалы құндылықтарды қызығушылық пен бағдарды негізге алып, мамандық топтарын сәйкестендіруде (идентификациялауда) құндылық бағдардың салыстырмалыәдістерін қолдану;

5-ОН: Қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар арқылы өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, баға беру қатынасына бағытталған психологиялық ұсыныстарды құрастыру.




І. Құрметті оқырмандар, құндылық адамның өмір барысында, бағыт бағдарында пайдалы, субьективті бағалау.Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Адамның еркін таңдауына байланысты құндылық адами қажеттіліктердің қанағаттануын да білдіреді.
Бірақ қанағаттану құндылықтардың табиғатын бұрмалап қабылудауға алып келуі де мүмкін. «Мақсатыңа жету үшін құралдың бәрі жақсы» деген ұстаным адамды құндылық емес, мақсаттың құралы ретінде қарастыруға жол ашады.
Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың қылықтарымен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді. Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады.
Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады.
Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Құндылық бұл шындықты бағалау критерийі, яғни айналасындағы адамдарға, өзіне қатынасымен өмірлік ұстанымынан көрінетін тұлғалық қасиеттер. Тұлғаның қасиеттері ынталандыру мақсаттарынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет