Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


ІІІ. Енді біз коммуникациядағы сәттілік пен коммуникативті дағдыларғатокталамыз



бет54/67
Дата11.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#137138
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
Байланысты:
Дәріс Модуль Психология

ІІІ. Енді біз коммуникациядағы сәттілік пен коммуникативті дағдыларғатокталамыз.
Қарым-қатынастағы коммуникаторлардың мінез-құлқы белгілі бір мақсатқа бағытталады. Коммуникативті мақсатқа жету үшін белгілі бір тәсілдер қолданамыз, оларды коммуникативті дағдылар, коммуникативті стратегиялар, коммуникативті тактикалар деп атайды.
Негізгісі осы коммуникативті дағдылар не үшін қажет, яғни олар өте тиімді коммуникативті стратегия қалыптастыра алатын ептілік үшін қажет; коммуникацияның тактикалық тиімді тәсілдерін колдана алу үшін қажет. Вербалды және вербалды емес тәсілдерді коммуникацияның мақсаты мен міндеттеріне сай арақатыстыра білу қажет.
Коммуникатордың кәсіби дағдылары деген болады, өмірде аса қажетті дағдылар, оларға жататындар:
-қарым-қатынасты саналы басқару;
-байланыстың нәтижесін болжай білу;
- әңгімелесушімен жақсы өзара әрекетке түсу үшін жағдайлар жасау.
Коммуникативті біліктілікке жету үшін аффилиация (ағылшынша біріктіру, байланыстыру) яғни қолдауды қажетсіну, эмоциялық тұрақтылық, эмпатия, сезімталдық (сензитивтілік), рефлексия ұғымдарымен байланысты болады.
Сондықтанда продуктивті коммуникация жасай алу ең басты нәрсе, яғни продуктивті коммуникация деген не, ол максимум ақпарат (мазмұны) және минимум уакыт және нәтиже алу. Осыған байланысты сіздерге психологиялық ұсынысты беруге болады, мысалы көпшілік алдында сөз сөйлеу керек сонда кандай нәрселерге көңіл бөлу керек:
1.Жұрт алдында сөйлерде қорқыныштарды жеңу, ол үшін тыныс алу гимнастикаларын жасау, зейінді негізгі нәрсеге шоғырландыру;
2.Кездесетін аудиторияны дұрыс бағалай білу;
3. Мақсатыңызды дұрыс тұжырымдау (мысалы эмоция және акыл ой шкаласында);
4.Әсер ете білу (сөз 7%, дауыс 38%, ымдар, мимикалар 55% әсер етеінін білу, ескеру);
5.Ораторлық тәсілдерді қолдану;
6.Міндетті рефлекция (15-20 рет тәжірибені кайталау).
Сонымен қатар мына ақылды ойларды көңілде ұстап жүріңіз:
1.«Сөз өте күшті әсер етеді, соны ұмытпаңыз»;
2.«Қалай сөйлейсің, солай жауап аласың-Гомер»;
3.«Үнсіздік – аргументтерді жоққа шығарудың ең қиын түрлерінің бірі»-Генри Уилер Шоу;
4.«Ақыл айтады – даналық тыңдайды»-Джими Хедрикс;
5.«Адамдардың өздерінің қиындықтары үшін тағдырды, құдайды, басқа нәрселерді кінәлайды, тек өздерін ғана кінәламайды»-Платон.
Ендеше коммуникация сәтті өтсін десеңіз, келесі жағдайларды да есте ұстаңыз:
- өте дұрыс дәл ойлай білу;
-ойларыңды динамикалы жасай алу және бере білу;
-өзара қатынастардың сипатын ескеру;
-сөздің көркем болуы және ақпараттар жаңашылдық сипатта болуы;
-серіктестің психикалық күйін бақылай білу, бағалай білу;
-өзіңді презентациялай алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет