Мінез-адамның негізгі өмірлік бет-алысын және онын өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Адамның мінезін оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерінің не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз. Мінез бен темперамент байланысы
Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда да көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екендігі мәлім.