Психикалық процестер (танымдық, эмциональдық, ерік)
Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиыл, ес кіреді.
Эмоционалдық процесс,— қызметті (қабылдау, өзін-өзі ұстау, ойлау) бақылап, негіздейтін, объекттер мен жағдайлардың субъективті маңыздылығын, қобалжу түрінде сананы көрсететін психофизиологиялық процесс.
Ерік – адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Психикалық қалып (көңіл-күй: қорқу, қуану, зорығу т.б.)
Психикалық күй дегеніміз- адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері. (қорқу, қуану, зерігу, зорығу, т.б. Психикалық қасиет (темперамент, мінез, қабілет, бағыттылық)
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы.
Мінез-адамның негізгі өмірлік бет-алысын және онын өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.