ОБӨЖ:Отбасындағы қарым-қатнастың бала психикасына əсері.
Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
баланың жеке тұлғасының, əсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына
əсер ететін негізгі факторлардың бірі екендігі белгілі. Ата-ана мен бала
арасындағы қарым-қатынас ерекше жəне көрнекі түрде, əсіресе, бала
тəрбиесінде көрінеді. Отбасылық тəрбие жүйесінің жəне «ана-бала»
қарым-қатынасы үйлесімділігінің бұзылуы – балаларда невроз ауруының
пайда болуына себепші негізгі патогенетикалық фактор деген көзқарасқа
кейбір ғалымдар ерекше көңіл бөледі. Мысалы А.Е.Личко мен
Э.Г.Эйдемиллер ерекше мінезді жəне психопатия белгілері бар балаларға
отбасылық тəрбие берудің 6 түрін атап көрсетеді.
Гипопротекция (гипоқамқорлық) балаға қажетті қамқорлықтың
жоқтығымен
сипатталады (балаға уақыт жетпейді). Мұндай қарым-қатынас кезінде бала
өзімен –өзі болады, өзін ешкімге керегі жоқ деп сезінеді. Басым
гиперпротекция баланың дербестігіне, ынталылығына тосқауыл болатын
тым артық, ығыр қылатын қамқорлықтан туады. Гиперпротекциялық
тəрбие кезінде ата-ана баладан үстем болады, яғни баланың тəртібіне қатаң
бақылау жасалып, оның шын мəніндегі қажеттілігі ескерілмейді (мысалы,
баланың қарсылығына қарамай анасы оны
мектепке дейін шығарып салады). Қарым-қатынастың мұндай түрі басым
гиперпротекция деп аталады. Оның бір түріне отбасының еркесі ретінде
баланың барлық қажеті мен еркелігін қанағаттандыратын құптаушы
гиперпротекция жатады.
Эмоционалды шеттету баланың қай қылығын да қабылдамаудан туады.
Шеттету
ашық түрде ( мысалы, сен мені мезі еттің, кет, жолама маған деген сияқты)
немесе
мазақтау, кекету, мысқылдау сияқты жасырын түрде болады. Қатал
қарым-қатынас баланы ұрып-соғу арқылы көрігеді немесе жасырын яғни
эмоционалдық дұшпандық пен суықтықтан көрінеді /1/. Жоғары
моральдық жауапкершілік бала болашағының ерекшелігіне үміт артып,
баладан жоғары моральдық тəртіп талап етуден болады. Тəрбиенің мұндай
түрін ұстанатын ата-аналар балаға отбасының басқа мүшелеріне
қамқоршы, қорғаныш болуды жүктейді. Дұрыс тəрбиелемеу бала мінезінің
одан сайын бұзылуына əсер ететін фактор болып табылады.
Мінездің ерекшеленуі дегеніміз – мінездің нормаға сəйкес келмейтін жеке
бір
ерекшелігінің тым айқын көрінуі. Ерекше мінезді балалардың психикасын
зақымдауы мүмкін кейбір əсерлерге тым осал болады.
Отбасылық психология саласының мамандарымен соңғы он жылда «бала –
ересек адам» қарым-қатынасының əртүрлі варианттары атап көрсетілген.
Мысалы, А.Я.Варганың еңбегінде ата-ана қарым-қатынасының балаға
жағымсыз 3 түрі сипатталған: симбиотикалық, авторитарлық,
эмоционалды шеттетушілік. Эмоционалды шеттетуді ғалым ата-анасының
баланы аурушаң, əлсіз, дəрменсіз есептеу үрдісінен деп сипаттайды.
Тəрбиенің мұндай түрін автор «балаға сəтсіз, жолы болмағыш кішкентай
адам ретінде қарап тəрбиелеу» деп атаған. Е.Т.Соколованың зерттеулерінде
ата-ана мен бала қарым-қатынасының негізгі стилі
проблемаларды бірлесіп шешу кезіндегі ата-ана мен баланың өзара
əрекетін талдау
негізінде көрсетілген:
· Ынтымақтастық;
· Жалған ынтымақтыстық
· Жекешелеу;
· Бақталастық.
Ынтымақтастық қарым-қатынасы кезінде баланың қажеті ескеріліп, оған
«автономия» құқығы беріледі. Көмек ересек адамның араласуын талап
ететін қиын
жағдайларда ғана көрсетіледі. Отбасында туындаған проблемалық
мəселелерді шешудің жолдары баламен бірге қарастырылады, əрі оның
пікірі есепке алынады.
Жалған ынтымақтастық қарым-қатынасы əртүрлі болуы мүмкін: бірде бала
үстем
болса, бірде ата-анасы үстем болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ашық
жағымпаздық
сипаттағы алдамшы əрекеттестік орын алады. Басқаларға көз болу үшін
өтірік бірлесіп шешім қабылдау тараптардың біреуінің екінші жақтың
шабуылынан қорқып асығыс келісуі арқылы жүзеге асады.
Жекешелеу кезінде күштерін бір жерге жинақтау мен біріктіру толығымен
жойылады, бірінің бастамасын бірі қабылдамайды жəне ескермейді, өзара
əрекеттестік мүшелері бірін-бірі тыңдамайды да, сезінбейді де.
Бақталастық стиліне өзінің бастамасын қорғау жəне өзгенің бастамасын
жаныштау
кезінде көрінетін бəсекелестік тəн.
Отбасындағы тəрбиенің 3 патогенді түрін көрсетуге болады.
А түрі. Қабылдамау (эмоционалды шеттету). Оның мəні шектен тыс талап
ету,
қатаң шектеу жəне бақылау. Бала өз қалпында қабылданбайды, оны түзету
басталады. Қабылдамау бала бойында невротикалық шиеленісті
қалыптастырады. Ата-ананың өзінде неврастения пайда болады. «Мен
бола алмағанмен, сен боласың» деп талап етіледі. Мұнда ата-аналар
баланың бойындағы балалықты жек көреді, баланың еркелігі, балалық
қылықтары олардың ашуын келтіреді.
Б түрі. Гиперəлеуметтендіруші тəрбие. Баланың немесе отбасының басқа
мүшелерінің денсаулығы, əлеуметтік мəртебесі жөнінде қорқыныштан,
күдіктен пайда болады. Нəтижесінде үрей сезімі, əлеуметтік тұрғыдағы
жабысқақ ой қалыптасуы мүмкін. Ата- анасы балаға нені қажет етуі
керектігін айтып отырады жəне бала темпераментінің табиғи көздерін
тұншықтыруға тырысады. В түрі. Менмендік тəрбие. Бала қатты
əспеттелетін отбасыларында кездеседі.
Нəтижесінде балада отбасына жəне бүкіл əлемге деген көптеген
наразылық пайда болады. Мұндай тəрбие жеке тұлғаның истероидты
түрінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін /2/.
Ата-анасының қамқорынсыз өскен балалардың ерекшелігін зерттеуші
ағылшын
психотерапевті Д.Боулби патогенді тəрбиенің мынадай түрлерін атап
көрсетеді:
• Ата-ананың біреуі немесе екеуі де баланың махаббатқа деген
мұқтаждығын қанағаттандырмайды немесе толығымен оны жоққа
шығарады.
• Бала жұбайлар арасындағы дау-дамайды шешу құралы болып табылады.
• Тəртіпке шақыру шарасы ретінде баланы «жек көріп кетумен» немесе
отбасынан
«кетіп қалумен» қорқыту.
•Балаға алда болатын (немес болған) барлық жағдайлардың, яғни аурудың,
айрылысудың, өлімнің себепкері сенсің деп иландыру.
• Баланың айналасында оның уайым-қайғыларын бөлісетін немесе
ата-анасын
алмастыратын адамның болмауы /3/.
Баланың жеке тұлғасының отбасында қалыптасуы ата-ананың балаға
қарым-қатынасы мен əртүрлі тəрбиеден басқа ата-анасының
нұсқауларымен де анықталады. Олар баланың көптеген эмоциялық
проблемаларының бастауы болуы мүмкін. Бұл жерде нұсқау деп жасырын,
жанама бұйрықты түсіну керек. Ол ата-анасының сөздерінен не іс –
əрекеттерінен ашық түрде байқалмайды, оны орындамағаны үшін бала
ашық жазаланбайды, жанама түрде жазаланады (ата-анасының алдында
өзін кінəлі сезіну). Тек нұсқауларды орындап қана бала өзінің «жақсы»
екенін сезінеді. Нұсқау- бұл ата-ананың балаға деген «жасырын жолдауы»,
ақыл айтуы. Ата-ана нұсқауларының мынадай түрлері мен мазмұнын
көрсетуге болады. «Өмір сүрме». Күнделікті тұрмыста бұл жолдау «Көзіме
көрінбе», «Жер жұтқыр» деген сияқты күңіреніп сөйлеу арқылы берілуі
мүмкін. Бұл нұсқаудың мəні баланы үнемі кінəлі сезіндіру арқылы басқару.
Бала ойланбай ата-анасының өміріндегі барлық бақытсыздықтың
себепкері екенмін, оларға өмір бойы қарыздар екенмін деп шешуі мүмкін.
«Бала болма». Күнделікті тұрмыста «Сен 5-ке келдің, бірақ өзіңді əлі
кішкене бала сияқты ұстайсың», «Тез өссең екен» деген сөздермен
беріледі. Ата-аналары кез-келген балалық көріністің қадірін кетіретін
сөздерді жиі қолданады жəне баладан үлкендерге тəн мінез көрсетуін
қалайтынын айрықша баса айтады. Мұндай нұсқаудың жасырын мағынасы
бала тəрбиесінің жауапкершілігін өз мойнына алуға ата-анасының
дайындығы əлі қалыптаспағанына байланысты.
«Өспе». Күнделікті өмірде бұл «Есеюге асықпа», «Боянуға сен əлі
кішкентайсың»
деген сөздерден көрінеді. Мұндай нұсқауларды балаларының жыныстық
жетілісіуін
өлердей қорқатын ата-аналар береді. Ержеткен кезінде мұндай балалар өз
отбасын құруға қиналады, егер отбасын құрса да ата-анасымен бірге
тұрады.
«Ойлама». Күнделікті тұрмыста бұл нұсқау «Ойыңа алма», «Білгірсіме»
деген
сөздерден көрініс табады. Бұл нұсқауда ойлауға, пайымдауға тиым
салынады. Мұндай нұсқаудың жасырын мағынасында өздерінің нақты
проблемаларын шешуде ата-ананың қорқыныш сезімі жəне ол сезімді
балаларға беруі жатыр.
«Сезінбе». Бұл нұсқауда жалпы сезімге немесе қандай да бір нақты сезімге
тиым
салынады. Мұндай балалар кейін есейгенде отбасылық өмірінде өзінің
екінші жартысына сезімдерін көрсетуде қиындық көреді. Баланы өзінің
сезімдеріне, тəннің кейбір белгі- дабылдарына құлақ аспауға үйретеді.
Ержеткен кезде олар психосоматикалық ауруға жиі ұшырайды. «Жетістікке
ұмтылма». Мұндай нұсқаулар «Біз өзіміз ешқандай университет бітірген
жоқпыз», «Сенен ештеңе шықпайды» деген сияқты тəрбиелік əңгімелер
арқылы жүргізіледі. Бұл нұсқаудың жасырын мағынасында балаларының
жетістігіне деген санасыз қызғаныш сезімдері жатыр. Ержеткенде мұндай
тəрбие алған балалар еңбекқор, ынталы адам болуы мүмкін, бірақ оларды
қырсық шалғандай болады. «Жетекші болма». Мұндай нұсқау алған
балалар жиі-жиі «Алға шықпа», «Ерекшеленбе», «Елдің бəрі сияқты бол»
деген сөздерді естіп өседі. Ата-анасы басқа адамдардың өз баласына деген
қызғаншақтық сезімінен қорқады. Ержеткенде бұл балалар үнемі біреуге
бағынумен болады, қызметтік сатыда өсуден бас тартады, отбасында
басшы болуға ұмтылмайды. «Менен басқа ешкімге тиесілі болма». Мұндай
нұсқауды қарым-қатынасында қиындықтары бар ата-аналар береді. Олар
тек баласы ғана дос деп есептейді. Есейе келе мұндай балалардың өзін-өзі
бағалауы осыған сай болады, бірақ кез-келген топ ішінде ол өзін жалғыз
сезінеді топқа қосылуда үлкен қиындыққа тап болады. «Ештеңе істеме».
Ересек адамның балаға жолдауының мағынасы: «Өзің ештеңе істеме, ол
қауіпті. Сен үшін мен істеймін» деген сөздерден көрінеді. Мұндай нұсқау
кезінде баланың белсенділігі мен ынтасы толық тежеліске ұшырайды.
Есейгенде мұндай адам əр істі бастарда қатты қиналатын болады.
«Өзіңмен өзің болма». Мұндай нұсқау ата-анасы баланың жынысын
қабылдамаудан
тууы мүмкін. Баламен қарым-қатынасында жəне сөздерінде оның
жынысына тəн емес мінездерге баса көңіл аударылады. Баланың
жынысына тəн мінез мойындалмаған соң, бала өзінен талап етілетін
мінездер көрсетуге тырысады. Нəтижесінде балада жыныстық сəйкестіктің
қалыптасуында проблемалар туындауы жəне қарама-қарсы жыныспен
қарым- қатынасы қиындауы мүмкін.
Бұл нұсқаулар мүмкін нақты тарихи жағдайларда отбасының бірнеше
ұрпағының
өсіп-өркендеуі үшін жинақтаған тəжірибесі ретінде қажет болған шығар.
Тарихи жағдай өзгерді, бірақ нұсқаулар əлдебір инертті білім ретінде
келесі ұрпаққа берілуде. Баланың отбасындағы рөлі ата-ана мен бала
қарым –қатынасындағы негізгі сұрақтардың бірі. Бала рөлі отбасы
қарым-қатынасы жүйесінде əртүрлі болуы мүмкін. Оның мазмұны ата-ана
қажеттілігін бала қаншалықты қанағаттандыратынымен анықталады. Бала
қанағаттанғысыз жұбайлық қарым-қатынастың өтемі болуы мүмкін. Ондай
кезде бала құрал рөлін атқарады, яғни баланы жұбайлардың бірі
отбасындағы өзінің көзқарасын күшейту үшін пайдаланады. Егер осындай
өтемақы жəне көзқарас күшейту қажеттілігі қанағаттандырылса, онда бала
отбасы табынатын еркеге айналады. Бала отбасының əлеуметтік
мəртебесінің белгілі рөлін атқаруы мүмкін, яғни əлеуметтік саулығының
символы болуы мүмкін (бізде бəрі елдегідей). Бала əлеуметтік тұсаукесер
нысанының рөлінде, отбасының ыдырауын жол бермейтін
байланыстырығыш элемент болады (біз тек сен үшін айырылыспай
жүрміз). Мұндай жағдайда балаға үлкен психологиялық жүктеме артылады
да, ол эмоционалдық ширығуға əкеліп соғады. Бала ата-анасының
айырылысуына, егер ондай жағдай болып жатса, өзі себепкер болған
шығармын деп есептей бастайды. Баланың отбасындағы жағдайы
ата-анасы балаға отбасында қандай рөл ойнауды жүктегенімен
сипатталады. Бала мінез-құлқының қалыптасуы рөлдің сипатына, орнына
жəне функционалдық толықтығына байланысты болып келеді. Баланың
психикалық дамуына бүлдіргіш əсер ететін нəрсе – депривация.
Депривация ата-анасы (негізінен анасы) қажетті күтімді қамтамасыз ете
алмағанда жəне баланың басты қажеттілігін мойындамағанда немесе оның
күтімін басқалардың мойнына артып тастап кеткенде пайда болады.
Баланы анасынан толық ажыратқан жағдайда ерекше аналық депривация
байқалады. Аналық депривация баланың психикалық дамуына ең
күшті бүліндіргіш əсер етеді. Балалар үйі мен мектеп – интернаттарда
тəрбиеленуші жетім балалардың өзіндік ерекшеліктері мен тəртіптері
депривациясы бар баланың айқын үлгісі. Көптеген зерттеулер балалардың
жаппай аналық депривация жағдайында өмір сүруі (бала анасымен толық
ажыратылғанда) олардың психопатия, депрессия, фобия ауруларына
ұшырауына əкеліп соғатынын анықтады. Ата-анасы қамқорынан
айырылған балалар өмір бойы əлеуметтік жəне жас мөлшері жағынан
едəуір кейіндеп қалады. Олардың өзіндік ерекшеліктері: сезім үстірттігі,
қиялдау қабілетінің төмендігі, тым агрессивтілігі мейірімсіздігі, бейқам
жауапсыздығынан көрініп отырады. Депривация ерекшелігінің кейбір
аспектілері əке –шешесі бар балаларда да пайда болуы мүмкін, егер өзінің
негізгі міндетін атқара алмайтын жəне отбасы мүшелерінің қажетін өтей
алмайтын патогенді отбасында тəрбиеленсе /4/.
Баланың жақсы тəрбиелі, қоғамда өзінің орны бар үлкен азамат болып
өсуіне
отбасының ролі өте жоғары. Біз отбасында баланы тек қана материалдық
жағынан
қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, баланың психологиялық
жай-күйіне,
қызығушылықтарына, жеке тұлғалық қасиеттеріне мəн беруіміз керек.
Баланың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, соған сəйкес қарым –қатынас
жасалғандығы дұрыс. Соңғы кездері елімізде отбасылардың ажрасыу
жағдайы отбасындағы түрлі конфликт жағдайлары көптеп кездесуде.
Бұның салдары балаларға психологиялық жағынан кері əсерін тигізуде.
Баланың отбасында тəрбиеленуіне анасымен бірге əкесінің де
жауапкершілігін ұмыптағанымыз дұрыс. Бала ата-анасымен бірге
толыққанды отбасында өмір сүрген жағдайда əлеуметтік ортада өзін
сенімді ұстай алады. Қазақ халқында «Ел боламын десең бесігіңді түзе»
деген ұлағатты сөз бар. Отбасы - бала үшін маңызды орында екенін
ұмытпай, біз болашақ ұрпағымызды Қазақстанға адал қызмет ететін,
білімді де білікті, тəрбиелі азамат етіп өсіріу міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |