Эссе
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Мен өзімді тұлға ретінде тануда, дамытуда, зерттеуде көп еңбектенемін. Әр адамның өзінің психологиясын тануы аса маңызды. Себебі, қоғамда басқа азаматтармен қарым-қатынасқа түсу тікелей психологиясы арқылы жүзеге асады. Бұл қалай? Мысалы, сауда жасаған кезде саудагер мен сауда жасаушы арасында белгілі бір бітім болады. Ол бітімнің жақсы кейіпте болуы екі адамның бір-бірінің психологиясына мән беріп, диалог құруынан болады. Басқаша айтсақ, психология мінез-құлықпен терең ұштасады. Дәл осы секілді психология көп салада: педогогикада, медицинада, әскерде, әлеуметтік ортада, спортта, заңда, т.б жүйелерде қолданысқа ие болады. Сол үшін менің өмірімде психология өте қажетті дүние. Әсіресе мен болашақ мұғалім болғандықтан, әртүрлі мінезге, психикаға ие оқушылармен жұмыстанамын. Ал, психология менің кәсібімде де осылай жұмыс атқарады. Мысалы, мен маркетинг, смм саласы, сауда жасау, басқарушы болсам, бұл салада да мен тікелей қоғамдағы әр бір адаммен қарым-қатынасқа түсемін. Менің кәсібімді тұтынып, маған пайда әкелетін әр бір клиенттің мен психологиясын тануым керек болады. Олардың өмірлеріне нендей заттар қажеттілік әкеледі, мінез-құлқы нені талап етеді? Міне осының бәрін мен психология арқылы зерттеп, оны өз кәсібімде тиімді пайдалана аламын. Психология өмірде болсын немесе өмірдің әр түрлі саласында болсын өте үлкен роль атқарады.