Психологияға



бет7/8
Дата25.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#103347
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-2 лекция

Оң және теріс мотивация


Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады. Ал, адам еркін
салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.

Тұрақты және тұрақсыз мотивация


Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын- жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады.

Жекелік және топтық мотивация


Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЕКІ ЖОЛЫ БАР: ӨЗ АҚЫЛЫҢДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ АҚЫЛЫНАН ПАЙДАЛАНУ


Ле БРУЙЕР
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рахаттана шат-шадыман болатын бақытқа жетудің бірі – жетістік.

Жетістікке жету жолындағы ұстанымдар:


  • Алдыңа мақсат қою;

  • Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену;

  • Іске дайын болу;

  • Қадамыңды анық басу;

  • Алға ұмтылу;

  • Қорықпау, күмәнданбау;

  • Көңіліңді тоқ ұстау;

  • Жаңашыл болу;

  • Басқалармен кеңесу;

  • Тәуелсіз болу;

  • Біртұтасты бөлшектеу;

  • Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет