Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мақсаты


А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері



бет3/3
Дата01.07.2023
өлшемі178,77 Kb.
#103898
1   2   3
Байланысты:
31,05 (копия)

А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері
Бірінші кезең Тəрбиеленушілерге тəрбиешінің талап қоюкезеңі
Екінші кезең Ұжым белсенділерінің ықпалы күшеюі
Үшінші кезең Ұжымда қоғамдық пікір қалыптасуы
Төртінші кезең Берік игерілген ұжым тəжірибе арқасында оқушының өзіне талап қоюы, адамгершілік нормаларды сақтау оның қажеттілігіне айналуы
Балалар ұжымын педагогикалық басқарудың практикасында келесі маңызды ережелері қалыптасқан:
педагогикалық басқаруды балалардың өзіндікке, тəуелсіздікке табиғи
ұмтылысымен, өзінің инициативасы мен өзіндік іс-əрекеттерін көрсетуге
тырысуымен үйлестіру;
ұжым – ылғи даму үстінде болатын дамымалы жүйе болғандықтан, оны
педагогикалық басқару да үнемі өзгеріске түсіп отыруы керек. Яғни
ұжымның даму сатысына қарай педагог та өз тактикасын өзгертіп отыруы
керек;
ұжымдық тəрбиеде жоғары жетістікке жету үшін жетекші сол ұжымда
жұмыс жасайтын басқа педагогтарға сүйенуі, ұжымды жалпы мектептік
əрекетке, басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеуі қажет;
формализмнен аулақ болу, уақыт өткен сайын ұжымдық тəрбиенің мақсаты
мен міндеттерін қайта құру;
ұжымда ортақ пікір қалыптастыру, өзара көмек, бір-бірінің пікірін сыйлауға
үйрету;
ұжымдық тəрбиені демократияландыру, бақылау жүйесін жетілдіру;
ұжымда тұлғааралық қатынастардың дұрыс дамуына ықпал жасау;
оқушыларға жүктелетін міндеттерді олардың қызығушылықтарына,
қабілеттеріне сəйкестендіру;
ұжым ішінде стихиялы қалыптасатын қатынастарды тудыратын факторларды
бақылау;
оқушылар арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында уақытша
ұжымдар қалыптастыру;
балаларды жаңа қарым-қатынасқа тартатын ұжымдық іс-əрекеттің сипаты
мен түрлерін өзгерту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет