«Соқыр мен жетектеуші»
Барлығы жұп құрып тұрады. Егер қатысушылардың саны тақ болса, біреуі ойнамайды немесе жаттықтырушымен жұп құрады. Жұптарда кім бірінші, кім екінші болатындығын келіседі. Екінші нөмір көздерін жұмады. Біріншісі серіктесін жаттықтырушы жүрген жаққа алып жүреді. Сөйлесуге болмайды. Жұптардағы ықпалдастық тек қолдар арқылы ғана. Соңында кедергі жасауға болады – жаттықтырушы өз серіктесімен бірге есіктің ойығын қолдарымен жауып тастайды. Талқылауда бірнеше сұрақ қоюға болады: сендерді қалай алып жүрді? кедергіден қалай өттіңдер? әлдене туралы өтініш білдіргілерің келген жоқ па?
«Екеулеп сурет салу»
Барлығы жұп құрып, бір-біріне жақын отырады. Екі адамға бір парақ қағаз пен бір қалам беріледі. Жаттықтырушы үнсіз, 10 секундтың ішінде әрқайсысы қандай сурет салатындығын ойлап табуларын өтінеді. Содан соң, бір мезгілде, бір қаламды ұстап, екеуі жұппен өз суреттерін салады. Соңында, өзара келіспестен, не шықса, соның астына оның атауын жазады (атауды бір мезгілде жазу керек). Талқылау кезінде суреттер жерге, шеңбер құрып қойылады.
«Ергежейлілер мен алыптар»
Топ екі бөлікке бөлінеді. Біреулері «алыптар», екіншілері «ергежейлілер» болады. «Ергежейлілердің» бойлары – 10 сантиметр, ал «алыптардың» бойлары – 3 метр. Топтарға мынадай нұсқаулық беріледі: «Қазір сендер әрбір топтың ішінде, сендердің ойларыңша, қазір біз отырған бөлменің кеңістігі «алыптар» мен «ергежейлілердің» ортасында қалай бөлінуі керектігі туралы келісулерің тиіс. Сондай-ақ бұл туралы басқа топпен қалай келісетіндіктеріңді ойластыруларың керек, өйткені, бес минуттан кейін сендерде келіссөздер басталады».
Мәнісі: әлденені не үшін бөлу керек?
«Самокат-ұшақ»
Жұппен жүргізілетін жарыс. Не «ұшақ», не «самокат» деген екі сөзді ғана айтуға болады. Екі қатысушы да бір мезгілде айтады. Бір адам келістіруге, екінші адам келістірмеуге жұмыс істейді. Сөздердің бірін бір мезгілде айта отырып, ұпайлар ойнатылады. Әр жолы жеңіп шыққан адамға ұпай беріледі. Яғни, егер сөздер сәйкес келсе, келістіруге жұмыс істейтін адамға бір ұпай, және керісінше. Ойын он бір ұпайға дейін жүреді. Содан соң рольдерімен алмасу немесе олимпиада жүйесі бойынша жарыс ұйымдастыру қажет (жұптардағы жеңіп шыққан адамдар өзара жарысады және осылай соңғы жеңімпазға дейін).
Достарыңызбен бөлісу: |