Б.Г. Ананьев (1907-1972) тесттердің екі тобын ажыратады:
Стандартты
зерделілікті,
жетістікке жетуді,
арнайы қабілетті,
креативтілікті,
тұлғалық қасиеттерді тексеру тесттері жатады
Проективті
тұлғалық ерекшеліктерді тікелейбақылауға немесе сұрақтамалар арқылы анықтауға болмайтын жағдайда, жанама түрде мәлімет беретін практикалық әдістемелер.
Ф. Бурлачук пен С.М. Морозов бойынша проективті тесттер төмендегідей жіктеледі:
1. Конститутивті тесстер – зерттелуші тест материалына мағына береді (М, Роршах тесті - Г. Роршах,1921ж.).
2. Конструктивті тесстер — зерттелуші тест материалындағы жеке бөлшектерден біртұтас бейне кұрастырады (М, «әлем тесті» — М. Ловенфельд, 1939ж.).
2. Конструктивті тесстер — зерттелуші тест материалындағы жеке бөлшектерден біртұтас бейне кұрастырады (М, «әлем тесті» — М. Ловенфельд, 1939ж.).
3. Интерпретативті тесстер — зерттелуші тест материалындағы оқиғаларды, жағдайды, бейнелерді өзінше түсіндіріп, жориды (М, «ТАТ» - тақырыптық апперцепция тесті - Г. Мерреймен, К. Морган, 1935 ж.).
3. Интерпретативті тесстер — зерттелуші тест материалындағы оқиғаларды, жағдайды, бейнелерді өзінше түсіндіріп, жориды (М, «ТАТ» - тақырыптық апперцепция тесті - Г. Мерреймен, К. Морган, 1935 ж.).
4. Катартикалық тесттер — зерттелушінің ерекше ұйымдастырылған жағдайда шығармашылық іс-әрекет танытуына бағдарланады (М, психодрама - Дж. Морено, 1946ж.).
5. Экспрессивті тесттер – зерттелуші еркін немесе ұсынылған тақырып бойынша сурет салуы немесе сондай бір іс-әрекетті жүзеге асыруы тиіс (М, «адамның суретін сал» — К. Маховер,1948ж.).
5. Экспрессивті тесттер – зерттелуші еркін немесе ұсынылған тақырып бойынша сурет салуы немесе сондай бір іс-әрекетті жүзеге асыруы тиіс (М, «адамның суретін сал» — К. Маховер,1948ж.).
6. Импрессивті тесттер – зерттелуші бір стимулды басқалармен салыстырғанда өзінше артық деп бағалап, тандауы тиіс (М, Люшер тесті - М . Люшер, 1948 ж.).