Психологияның адам үшін қандай маңызы бар?



Дата25.11.2023
өлшемі14,97 Kb.
#126488

ЭССЕ
Психология менің өмірімде және кәсібімде
“Психологияның адам үшін қандай маңызы бар?” деген сұраққа жауап беретін болсам, адамдның ішкі күйі мен жан дүниесіндегі тосқауыл болған қиындықтардың жолын қарастырып, олардың шешу жолдарын табу. Психология бүгінгі күні кеңінен қолданыста. Бұл саланың артықшылығы кез-келген салада қажеттілігі. Жоғарғы оқу орны, мектеп, балабақша және қарапайым өмірде де психологияның маңызы зор.
Адамдар күнделікті өмірде байқамайтын және қалыпты болып кеткен жағдайлардың сана-сезімі, эмоция мен рухани дүниесіне кейде қалай әсер ететінін білмейді. Қарапайым үйдегі ұрыс-керіс, жанжалдар, ата-анамен қарым-қатынас адамның жүрегінде қалып қояды. Және ол әрбір адамда әрқалай. Сол түпте қалып қойған өкпе реніштің бәрі таңдау жасағанда немесе бір істі бастағанда білінеді. Көптеген блогерлердің қазіргі сатып жатырған курстары да осыған негізделген. Олардың пайымдауынша адам белгілі бір нәтижеге жету үшін, ең алғаш өзімен жұмыс жасау керек. Балалық шақтағы көрген қиындықтары, әке немесе шешесімен туындаған жанжалдардың болашақ өміріне деген әсерін түсіндіреді. Яғни қарапайым тілмен түсіндіргенде, адамның кәсіпті бастауына жібермей тұрған қателік – психологпен жұмыс жасамағаннан.
Өзімді айта кетсем, бүгінгі күнге дейін өмірімде аса қиын ауыртпашылықтар болмады. Ең қиын және депрессияға толы кезең ҰБТ сынағына дайындық кезеңі болды. Анамның грантты талап етуі менің сынаққа деген қорқынышымды еселей түсетін. Сол кездерді есіме түсірсем, анамнан қолдау күткенімді түсінемін. Яғни мектептің және анамның түсірген қысымы, менің грантқа түспеуімнің бір себебі болды десем қателеспеймін. Міне, түсінгенім мен анамнан ешқандай материалдық қолдау емес, жан дүниемді түсінгендегі психологиялық тұрғыдағы қолдауды күтіппін. Ал грантқа түспегендегі күйді сөзбен айтып жеткізу де мүмкін емес. Бір жыл дайындықтың су болып ағып кеткенін білгенде, нағыз қолдаудың сол кезде керек болғанын түсіндім.
Сондықтан, қазіргі таңда мен ең алғаш өзімді дамытумен айналысып, анаммен қарым-қатынасымды түзеу керектігін түсіндім. Сол мақсатымды жүзеге асыру үстіндемін. Ең керемет жетістік, шағын жеке онлайн бизнесімді жүргізіп жатырмын. Түйгенім, барлық мәселені шешу үшін ең алғаш өзіңді дамытумен айналысу керек. Кез-келген шешімді жасамас бұрын, оның қандай нәтижеге әкелетінін жан-жақты қарасытрған абзал. Бәрі өз қолымызда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет