Сонымен, психосамотикалық емдеудің күшіне сену-сенбеуді, немесе дәрілік құралдарға сенуді әркімнің өзі шешсін. Алайда, кім де кім өз денсаулығын сақтағысы келсе, күн сайын денсаулығына көңіл бөліп отыруы керектігін мойындау қажет. Таза ауада жүрмесеңіз, өңіңіздің боздығына шағымданғаныңыз біртүрлі көрінері анық. Өзіңізді емдеуді дәрігердің иығына артып қойғаныңыз да дұрыс болмас. Кейде біздің ауырғымыз келеді. Бізге біреудің қамқор болғанын қалаймыз. Бірге уайымдасса. Бірге аяса. Бізді қалай жақсы көретінін айтса. Сауығуға деген шынайы, ішкі қалауыңыз болмаса, тіпті күзгі көңілсіздіктен немесе тұмаудан да жеңіл құтыла алмайсыз.Психосоматика өзін-өзі сүюге, сыртқы дүниені қабылдауға, өзіңнің бұрынғы қателеріңді кешіруге, өз табиғатыңды қабылдауға үйретеді. Мұндай сенімге кірген адамның психикалық денсаулығы тұрақты, көңіл-күйі жақсы, көкжиектері де кең болады. Бұл дегеніңіз аз дүние емес. Тіпті ауруды емдеу құқығын қалдырса да, онымен тікелей айналысатын дәрігерлерге қалдыру керек. Сондықтан да өзіңізге дұрыс емес тәрізді көрінетін теориядан бас тартуға асықпаңыз. Кейде оның ішінен де өте пайдалы болып табылатын бір мысқал табуға болады.