Әдістері - Психотерапия әдістерінің классификациясы әр түрлі. Әр психологиялық бағыт жанынан психотерапевттің мінсіздігін бейнелейтін әдістер пайда болады. Әрине, себебі психотерапияның жетістігі психологтың ғылыми көзқарасы мен кәсібіи ұстанымының мазмұнымен айқындалады.
- Түрлі ауруларда психотерапияның мақсаты мен міндеті психикалық ауытқудың табиғаты мен механизмдеріне қатысты автордың теориялық ұстанымымен айқындалады. Сонда да ем үшін бір ғана психотерапевтік әдістер қолданылуы мүмкін, алайда олардың әр теориялық тұжырымдамаларда өзіндік бағыты мен ерекшелігі болады.
Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады:
Жеке
психотерапия
Топтық
психотерапия
Психотерапевтік әсер етудің негізгі әдістерін сипатау үшін қазіргі психотерапевтік әдістердің әр қырын жан жақты нақты сипаттайтын келесідей классификацияны қолданамыз:
1. тұлғалық бағытталған(реконструктивті) психотерапия әдістері;
2. суггестивті психотерапия әдістері;
3. мінез құлықты(шартты рефлекторлы) психотерпия әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |