Публицистикалық стиль


Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық сти



бет2/2
Дата18.12.2023
өлшемі15,07 Mb.
#140457
1   2

Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.

  • Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.
  • Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисите – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.
  • Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі:
  • ресми-ақпараттық публицистикалық стиль;
  • ақпараттық-іс публицистикалық стилі;
  • ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль;
  • ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль;
  • бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль;
  • жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль;
  • салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль;
  • таза публицистикалық стиль;
  • экспрессивтік публицистикалық стиль;
  • репортаж публицистикалық стилі;
  • фельетон публицистикалық стилі.
  • Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Россияда XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.
  • XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл демократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес кұралы етіп жүмсады.
  • В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов,
  • Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық кұрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналды.
  • Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Октябрь революциясының жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны атымен жоқ еді. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыкқан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көріпті1”.
  • Демек, публицистикалық стиль – әлеуметтік үні бар мәселелерді насихаттап, саясат пен идеологияның құралы ретінде қызмет етіп қоймай, түрлі саяси ақпараттар мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізіп, оған баға беру, адресат қабылдауына тиімді ықпал ету тәрізді маңызды міндеттерді де қоса атқарады. Публицистикалық стильдің басты функционалдық ерекшелігі: тіл мәдениеті дамуының көрсеткіші, яғни ұлттық әдеби тілдің жетілуіне, сөздік қазынасының толығуына зор ықпал етеді, сол арқылы бүгінгі әдеби тілдің лексика-грамматикалық жүйесінің даму сипаты, жаңа тұлға-бірліктердің нормалану үрдісі айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет