Пульс Пульс Аудан Аудан 2010 жылдың



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі7,77 Mb.
#7844
  1   2   3   4

Пульс

Пульс

Аудан


Аудан

2010 жылдың

1 қаңтарынан

бастап шығады

N 60(468) 

жұма

8 тамыз 2014 жыл

 

тынысы


 

тынысы


«

Уба

» шипажайы – дертке шипа

елбасы «самұрық-қазына» 

ұӘқ» ақ басқармасының 

төрағасы өмірзақ шөкеевті 

қабылдады

Жаңалықтар

3 бет

4 бет

5 бет

бокс жар-

шысы

аУдандық сотта өткен 

дөңгелек үстел 

  билік жӘне халық 

адамды кына-

дай қырған

Өткен ғасырдың 70-ші жылдардан құрылған «Уба» 

шипажайы 25 жыл бойы соғыс және еңбек ардагерлерінің 

демалып, денсаулықтарын жөндетіп емдеу орны болды. 

Жаңа мыңжылдықтың басында қаржы мәселесінің 

қиыншылығына ұшыраған «Уба» шипажайы жабы-

лып қалды. Тек 2003 жылы маусым айында Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың ардагерлерге, мүгедектерге 

қамқорлық жасау бағдарламасына байланысты өз 

жұмысын қайта бастады. Қарттарды сауықтыруға 

арналған шипажайда бұрын бар-жоғы 100 ғана орын 

бар  еді,  жылына  тек  1900  адам  денсаулықтарын 

дұрыстайтын. 2012 жылдың 27 тамызынан бастап 

тағы 100 адамға арналған жаңа ғимарат ашылды. 

Қазір шипажайға облысымыздың түкпір-түкпірінен 

келетін ардагерлер, мүгедек қарттар, зейнеткерлер 

4000 адам.

Жаңа ғимараттың ашылу салатанатын теледидар 

жаңалықтарынан көріп, қуанып, риза болдық. Облыс 

Әкімі Бердібек Сапарбаевтың сол салтанатта айтқан 

сөздері есте қалды: «Сіздердің денсаулықтарыңыз 

мықты болып, ұзақ өмір сүрүлеріңіз үшін біз барлық 

жағдайды жасап беруге міндеттіміз. Қазақстанның 

негізін қалаған сіздерсіздер, сондықтан да қарттарымызға 

қандай құрмет жасасақ та жарасары анық». Осы ата-

лып отырған шипажайдың сауықтыру нысанына Облыс бюджетінен 360 млн. теңгеден астам қаржы 

жұмсалды. Бүгін қоғамда қарттарға деген қамқорлық күн санап артып келе жатыр, «Уба» шипажайында 

11 жыл бойы 24 700 астам адам демалып денсаулықтарын түзеп қайтты. Әсіресе, Мұратбек Айылба-

ев келгелі ұйымдастыру жұмыстары жандана берді. Мемлекет есебінен қарастырылған қамқорлық 

арқасында шипажайда қарттар балшықпен, тұзбен, сумен күнара емделеді, оған қоса массаж, пара-

фин, тағы да басқа емдерді қолданып, барлық жағдайлар жасалған. Мекеменің 135 қызметкері мұнда 

келген ем алушыларды жылы қабақпен қарсы алып, барлық жағдайын жасай біледі.



(жалғасы 8-ші бетте)

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Самұрық-

Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті 

қабылдады. Кездесу барысында Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына 

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы трансфор-

мация бағдарламасына әзірлік барысы туралы баяндады. Бұл 

туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Самұрық-Қазынаның»  отандық 

экономика акцияларының ірі иеленушісі болып саналатынын 

атап өтті.

–  Барлық  мемлекеттік  өндірістік  компаниялар  қордың 

қарамағында,  ал  оның  міндеті  –  солардың  корпоративтік 

басқарылуын жақсарту және активтердің құнын арттыру. 

Өткен жаһандық дағдарыс кезеңінде банктерді қолдау жөнінде 

елеулі жұмыс атқарылды және қорға олардың акционерлерінің 

құрамына кіруге тура келді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» банк 

капиталынан шықты, енді ол өндірістік компанияларға инве-

стиция тарту, жаңа өнім түрлерін игеру, жаңа технологиялар 

енгізуді қамтитын өзінің негізгі қызметімен айналысуға ден 

қоюы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ө.Шөкеев қорды трансформациялау бағдарламасының 

басымдығы бар төрт бағыты айқындалғанын атап өтті. Олар: 

корпоративтік басқару; стандарттау және бизнес-үдерістерді 

оңтайландыру;  басқару  мен  бизнес-шешімдердің  бірыңғай 

ақпараттық жүйесін жасау; барлық компаниялар тобында 

жұмысты үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі  уақытта  аталған  бағдарламаны  әзірлеу  жұмысы 

аяқталуға таяу. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» компа-

ниялар тобын трансформациялау бағдарламасын ресми түрде 

бастап беретін халықаралық форум өткізу жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар 

нақты тапсырмалар берді.

БАҚ беттерінен

ТАМЫЗ  АЙЫНЫҢ  1  ЖҰЛДЫЗЫНДА 

БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ 

ҒИМАРАТЫНДА  2014  ЖЫЛДЫҢ  2 

ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА 

АРНАЛҒАН 

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА САЙ АУДАН ПРО-

КУРАТУРАСЫ, ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ МЕН 

ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫ, ІШКІ САЯСАТ 

БӨЛІМІ СОНДАЙ-АҚ «НҰР-ОТАН» ПАР-

ТИЯСЫ, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН 

БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ШҚО 

БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ 

2014 ЖЫЛДЫҢ I ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ 

ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ «АЗАМАТТЫ 

ХАБАР ОШАРСЫЗ КЕТТІ ДЕП ТАНУ» АТТЫ 

ЕКІ БІРДЕЙ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ. 

Осы отырысты ШҚО Бородулиха аудандық 

сотының төрағасы Даурен Зейнелханұлы Жек-

секенов ашып, осы мәселе бойынша көптеген 

жайттарды алға тартты. Ол жиналғандарды Шығыс 

Қазақстан облысы Бородулиха аудандық сотының 

2014  жылдың  I  жартыжылдығына  жасалған 

қорытындысы барысына талдау жасады. 



(жалғасы 2-ші бетте)

ақан сері 

өмірінің ақиқаты

Аудан тынысы

2

2 бет. № 60 (468) 8 тамыз 2014 жыл

аудан ажарының айшығы

МеМлекеттік тіл – ел бірлігінің 

кепілі

“Тіл  туралы”  заңдағы  “Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса 

маңызды  факторы  болып  табылатын  мемлекеттік  тілді  меңгеру 

–  Қазақстан  Республикасының  әрбір  адамзатының  парызы”  – 

деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана 

тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір 

сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының 

бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 

тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл 

туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік 

қамтылған. Өз тілімізді сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық 

рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата – баба алдындағы ұлы пары-

зымыз» - деп Елбасымыз айтқандай тіліміздің мерейін көтеріп, 

асқақтату баршамыздың басты міндетіміз болып есептеледі

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер 

айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. 

Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, 

насихаттаумыз керек. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері 

өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, 

өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. 

Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. 

Ал  кейбіреулері  бірінші  орынға  шет  тілдерін  қойып  қазақ  тілі 

қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің 

мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. 

Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Соған орай қазақта 

“Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді 

мәдениетті өркендетеді деген ұғым.

“Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр 

адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз 

шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.

Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. 

Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт - санамыз 

бен дініміз де осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз 

елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, 

отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік 

тілдің атқаратын қызметі орасан зор.



 Е.Маутказинова, новодворовка а/о 

белағаштағы ауыз су 

2012 жылдан бастап Бородулиха ауданында “Ақбұлақ” бағдарламасы 

жан-жақты қолға алына бастады. Осы бағыттағы бірінші қадам Ауыл, 

Ивановка (Жаңа қорған)-Сосновка (Шайырлы) ауылдарымен Березовка 

(Қайыңды) шипажайларының ауылішілік сумен жабдықтау желілерін 

қайта қалпына келтіруден бастау алып, 2013 жылы қолға алынған 

жұмыс қайта жалғастығын тапты. Бұл жұмысқа респебуликалық және 

облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 415631,5 мың теңге игерілген 

болатын. РФ шектесетін Ауыл бекетін сумен қамту қалыпты жолға 

қойылса, аудан бойынша қолға алынған “Белағаш топтық су құбырын 

қайта құру” жобасының Дмитриевка (Шұңқыращы)-Ивановка су 

магистраліне қатысты кейінге шегірлеген қаржыландыру мәселесі өз 

шешімін тапты. Қазан айында аталған елді мекендердің тұрғындары 

сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ететін болады. 

Бұл жобаны “Казсельбурводстрой” кәсіпорыны жүзеге асырады. 

Белағаш жерінде бұдан бөлек “Ақбұлақ” бағдарламасына қатысты 

аса маңызды жобалардың бірі – Красный Яр (Қызыл жарғауыт)-

Жезкент топтық су құбырының құрылысында көзделініп отырғаны 

Шульбинск жер асты су қоймаларынан су ала отырып, кеншілердің 

суға деген ділгірлігін біржола жою. Және осы құбырға қосымша 

Жаңа Шүлбі желісін қосып, ол бағытта ауыз суға сусап отырған 15 

елді мекенді түбегейлі сумен қамту мәселесі де көзделініп отыр. 

Біз сөзге тартқан аудан әкімінің орынбасары Болат Аргумбаев бұдан 

бөлек Зенковка (Зерлі) мен Зубаир ауылдарының ішіндегі су желілерін 

қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленгенін, Ка-

мышенка (Төрт тал) және Бородулиха (Құмдақ) ауылдарындағы су 

желілерін жаңартуға ден қойылып, осы жобалардың жүзеге асыры-

луына жергілікті бюджеттен 17738,6 мың теңге  бөлініп отырғаны 

жөнінде алдымызға жайып салды.   

Аталған өңірлердің тұрғындарының “Айналайын, Ақ бұлақ!” деп 

мемлекеттік бағдарламалардың оңды шешімін тауып жатқанына 

қуанатын кездері де алыс емес.



СЕрік ӘбілқаСыМұлы

аудандық

 сотта өткен дөңгелек үстел 

  билік және халық 

(басы 1-ші бетте)

Атап айтқанда: азаМаттық 



іСтЕр бойынша: 2014 жылдың 

I жартыжылдығында азаматтық 

істер бойынша шағымдалған сот 

актілері -11; оның ішінде жоғарғы 

сотта қаралмағаны - 4, өзгеріссіз 

қалғаны -5, күші жойылғаны -1, 

өзгертілгені -1.

Бородулиха аудандық сотында 

2014 жылдың I жартыжылдығында 

арызды қараусыз қалдыру туралы 

шығарылған ұйғарымдар саны - 

4 (олардың ішінде талапкердің 

берілген талабынан бас тартуы, 

ал жауапкер болса істің мән-жайы 

бойынша қарауын талап етпеуі – 3; 

тараптардың екінші рет шақыртуы 

бойынша  келмегендері  –  1); 

жіберілген кемшіліктерді жою үшін 

қозғалыссыз қалдырылғаны - 2; 

қайтару туралы - 1(оның ішінде 

талапкерден талап арызды қайтару 

туралы  арыз  -0,  қозғалыссыз 

қалдырылғаннан кейін жойылмаған 

кемшіліктер – 1, соттылығы бой-

ынша  -0,  сотқа  дейінгі  тәртіп 

сақталмағаны – 0,сот бұйрығы 

туралы арыздың қайтарылуы - 0; іс 

бойынша өндірісті қысқарту тура-

лы - 4 (оның ішінде бітімгершілік 

келісімін жасаумен байланысты 

- 3, медиация келісімі - 0, талап-

тан бас тартуы - 1; ҚР АІЖК-нің 

153-бабына сәйкес қабылдаудан 

бас тартуы - 0.

2013 жылдың осыған ұқсас кезеңінде 

қараусыз  қалдырылғаны  -  32, 

қайтарылғаны - 46, қысқартылғаны 

-14, қабылдаудан бас тартылғаны - 5; 

осы ұқсас кезеңді салыстырмалы 

түрде алып қарасақ, 2013 жылы 

қайтарулар 21 бірлікке төмендеген. 

Бұл көрсеткіш тұрғындардың заң 

тұрғысынан алғанда құқықтық 

сауаттылықтары  ашылғанын 

көрсетеді.

қылМыСтық 

іСтЕр 

бойынша : 2014 жылдың I 

жартыжылдығында апелляциялық 

тәртіпте 4 сот актісі шағымдалды, 

өзгертілген және күші жойылған 

сот актілері жоқ.

ӘкіМшілік іСтЕр бойынша: 

2014 жылдың I жартыжылдығында 

барлығы – 426 әкімшілік іс түсті, 

14 іс қайтарылды, 408 тұлғаға 

қатысты 408 әкімшілік іс қаралды, 

57 іс қысқартылды, 351 іс бойынша 

әкімшілік өндіру салынды, оның 

ішінде: 104 іс бойынша - айыппұл, 

151 іс бойынша – қамау, 85 іс 

бойынша  арнайы  құқығынан 

айыру, әкімшілік істер бойынша 

шағымдалған сот актілері - 2, 

күші жойылған өзгертілген сот 

актілері жоқ. 2013 жылдың осыған 

ұқсас кезеңінде 449 әкімшілік іс 

түсті, қайтарылғаны – 35, 407 

тұлғаға қатысты 406 іс қаралды, 

қысқартылғаны – 58, 349 іс бойынша 

әкімшілік өндіру салынды, олардың 

ішінде, 132 іс бойынша –айыппұл, 

139-қамау, арнайы құқығынан 

айыру-76, әкімшілік істер бой-

ынша шағымдалған сот актілері 

- 2, күші жойылған өзгертілген 

сот актілері жоқ. Аудандық сот-

та ішкі құжат айналымы 100% 

мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Электронды-сандық қолдар сот 

актілеріне және ішкі құжаттарға 

100 % қойылған.Барлық істер 

бейне-дыбыс қондырғысына жа-

зылады, яғни процестерде 100% 

бейне-дыбыс жүйесі қолданылады. 

Жергілікті БАҚ пен «Әділет ха-

баршысы» айдары өз жұмысын 

жүйелі жалғастырып келеді. Міне, 

осы сот саласындағы істермен 

көпшілікті таныстырғаннан кейін 

екінші брифингті өз жалғасын 

тапты. Өмірлік мысалдар негізінде 

аудандық соттың төрағасы Даурен 

Зейнелханұлы «Азаматты хабар 

ошарсыз кетті деп тану» тақырыбына 

арқау болған дөңгелек үстелде 

ҚР ірі қалалары мен облыста-

рында болған фактілерді келтіре 

отырып жиналғандарға түсіндірді. 

Өмірде көптеген жайттар орын 

алады. Мысалы: Кейбір хабар – 

ошарсыз кеткен адамдар, тіпті 

қайтыс болып кетті деген жандар, 

басқа қалада немесе басқа елдер-

ден табылып жатады. Сонымен 

қатар жауапкершіліктен жұрдай 

кейбір жауапсыз әкелер мен ана-

лар балаларына алимент төлемеу 

үшін немесе түрлі себептермен 

басқа қалаларда жұмыс істеп 

айлакерлікпен алаяқтық жасау 

оның ішінде қаржы мен басқа 

айлакерлік тәсілдерді пайдаланған 

адамдар  да  көптеп  кездеседі 

екен... Осындайлардың алдын 

алу керектігіде айтылды. Осы 

орайда  мемлекеттік  органдар 

мен құқық қорғау органдарының 

қызметкерлері қырағылықпен 

жауапкершілікпен жұмыстарын 

атқару керектігі тілге тиек етілді. 

Мұндай жағдай неден туындап 

отыр  десек,  әрине  мұнда  сол 

жердегі  әкімшілік  пен  құқық 

қорғау салалары қызметкерлерінің 

кейбір салғырт қарауынан бола-

тыны анық. Әрбір қызметкер өз 

ісіне жауапкершілікпен қараса 

мұндай жайттар аз орын ала-

тыны сөзсіз. Жиналғандар ең 

көп қарастырылатын Қазақстан 

Республикасының Азаматтық 

іс  жүргізу  кодексінің  кейбір 

баптары бойынша өз ойларын 

ортаға салды. «Әкімшілік құқық 

бұзушылық туралы»Қазақстан 

Республикасының жаңа Кодексі 

1қаңтар 2015 жылы заңды түрде 

өз күшіне енеді. Онда көптеген 

өзгерістер болатынын сот төрағасы 

жиналғандарға жеткізді. Бородулиха 

ауданында ең көп орын алатын, 

әрі жұрттың жүйкесін құртатын 

дүрбелең мұрагерлікке, жерге 

байланысты сот істері көп орын 

алады. Осы орайда бірлесе істеген 

жұмыс өз нәтижесін берері анық. 

Бұл орайда әділет басқармасы 

мен әлеуметтік қорғау бөлімі, 

ішкі  істер  бөлімі  электронды 

қызмет орталығы бірлесе жұмыс 

атқару керек. Өйткені хабар - 

ошарсыз кеткен адамның мүлкіне, 

мұрагерлігіне байланысты не-

месе шынымен өмірден өткені 

туралы  барлығы  тексеріліп, 

бір-біріне анықтамалар беріліп 

отырса, жоғарыдағыдай құқық 

бұзушылық әрекеттер азаяды. 

Осындай істерде құқық қорғау 

органдары  мен  мемлекеттік 

органдар қызметкерлері, БАҚ 

қызметкерлері тарапынан рейд-

тер жүргізу туралы да айтыл-

ды.  Қарапайым  халықтың  өз 

құқықтарын қорғай білуде құқық 

қорғау саласының қызметкерлері 

заңдарды  түсіндіріп  жеткізе 

білуі шарт.

         М.атаЕва 



3

Аудан тынысы

3 бет. №60 (468) 8 тамыз 2014 жыл

аудан ажары

Бокс жарысы

Ұлттық  преферанс  Шығыста 

жаңғыра ала ма...

«жаСтар КӘСІПКерлІГІн 

дамыту» 

21-26 маусымда бокстан Қостанай 

облысының бокс федерациясының 

вице-президенті Орал және  Қорған 

Айтеновтар еске алуға арналған 

15 халықаралық турнирі  болып 

өтті. 

Осы турнирда Қазақстан және 



Өзбекстан, Тажікстан, Азербайжан, 

Иран, Ирак, Ресей, Қырғызстан, 

Монголия елдерінің ең мықты деген 

216 боксшылары қатысты.

ШҚО  құрама  командасы  да 

осы  байрақты  бәсекеден  тыс 

қалған жоқ. Ерболат Кинаятұлы 

Сүлейменовтің оқушысы Аймақтың 

құрама  командасының  мүшесі 

жерлесіміз Қанапьянов Арнал 56 

кг салмақта ширек финалға дейін 

жетіп Өзбекстандық Турсунбаев 

Бегзодбек деген боксшы басымдық 

танытып есеп бойынша ұтысқа жетті.

Осы  жарысқа  қаржылай  көмек  берген  Бородулиха  ауданымыздығы  “Дайснер”ШҚ  В.  А  Дайснер,  

“Соколов”ШҚ С.В Соколов, “Береке”ШҚ К.К Құрманбаев сынды азаматттарға көп алғысымызды айты-

мыз Осындай талабы бар жастарды қолдап демеп отыратын спорт сүйер азаматтарымыз көбейе берсе 

екен дегіміз келеді.



Т. ҚАЛИБАЕВ

«ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ» қоғамдық қоры Біріккен 

Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қаржылай қолдауымен 

«Жасыл бизнес» жобасын іске асыруда.



Бұл жобаның мақсаты: Бизнес бастамаларды іске асыруға 

ұйымдастыру, кеңес беру және қаржылай қолдау көрсету арқылы 

Шығыс Қазақстан облысындағы халықтың, әсіресе әлеуметтік 

осал  топтардың  іскерлік  белсенділігін  ынталандыру  мен  әл-

ауқатын жақсарту болып табылады.

Бизнес-жобаларды  қаржыландыру/ортақ  қаржыландыру 

талаптары

Жобаларды қаржыландыру/ортақ қаржыландыру кәсіпкерлер 

мен «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» қоғамдық қорының арасын-

да мақсатты қарыз шарты жасалғаннан кейін іске асырылады. 

Берілетін қарыздың ең жоғарғы сомасы - 1 500 000 теңге.

Қаражат кәсіпкердің шотына аударылғаннан кейін, қол қойылған 

шартқа сәйкес, тағайындалған мақсат бойынша жұмсалуы тиіс. 

Шартта мақсатты қарызды қайтару мерзімдері мен шарттары, 

сондай-ақ қаражаттарды пайдалану мониторингінің шарттары 

айтылатын болады.



Мақсатты қарызды қайтару шарттары

Кәсіпкер мен Қор қол қойған мақсатты қарыз шартының шарт-

тарына сәйкес, кәсіпкер, өзінің есептеуі бойынша пайда көруі 

тиіс және алған қаражатты Қорға қайтара алатын кезінде, пай-

ызсыз қарыз Қордың банктік шоттарына жіберілетін болады. 

Қарызды мерзімінде қайтармаған жағдайда, алушыға айыппұл 

санкциялары қолданылатын болады. 

Бизнес-жоспарларды іріктеу критерийлері

Өтінімдерді іріктеу критерийлері:

Бизнестің инновациялық және «жасыл» бағыты (энергия үнемдеу, 

су сақтау және басқа);

Жылдам өтелімділік;

Әлеуметтік бағыттылық;

Құрылатын жұмыс орындарының саны;

Тұрақтылық;

Бюджет негізділігінің деңгейі;

Жобаның іске асырылу саласындағы тәжірибе;

Қосымша инвестициялардың болуы;

Бизнес-жоспармен қарастырылған қаржылай тұрақтылық деңгейі 

(мәлімделген  қаражаттарды  (өзінің,  қарыз),  қаржыландыру 

көздерін  және  мәлімделген  қаражаттарды  ұсыну  шарттарын 

(мерзімі, көлемі және пайыздық мөлшерлемесі) есепке алғанда 

оны қаржыландыру мүмкіндігі;

Бизнес-жоспармен  қарастырылған  жобаны  іске  асыру  үшін 

қажетті кәсіби білімі мен біліктілігі бар кадрлардың болуы.

Конкурс жеңімпаздарын іріктеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші 

кезең – конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау. Екінші кезең – 

бағалау комитетімен түпкілікті бағалау үшін өтінім берушілердің 

жобаларын таныстыру және бизнес-жобаларды қаржыландыру/

ортақ қаржыландыру үшін финалистерді анықтау.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау кестесі

Конкурсқа қатысу бойынша өтінімдер қабылдау:

2014 жылғы 10 қыркүйекке дейін (Астана уақыты бойынша 

сағат 18.00) жүзеге асырылады.

Қосымша өтінімдер қабылдау мерзімдері Қордың сайтында 

жарияланатын болады - http://rmp.kz

Жобаға қатысу үшін өтінім беруші келесі құжаттарды толтыруы 

және ұсынуы тиіс:

1.Қатысу үшін өтінім;

2.Жобаның қысқаша түйіндемесі;

3.Өзінің  жобасы  толық  сипатталған  жобаның  бизнес-

жоспары.


Бизнес-жоспарсыз  ұсынылған  құжаттар  қарау  үшін 

жіберілмейді.



Қосымшы ақпарат алу үшін «Бородулиха ауданының кәсіпкерлік 

бөлімі» ММ немесе 2-22-91 телефоны бойынша хабарласуға 

болады.

СерІК ӘбІлқаСымұлы 

Қазір милетшіл азаматтарды Елбасы Жолдауындағы 

“Мәңгілік Ел” идеясы әрі қанаттандырып, әрі айбат-

тандырып жібергені жасырын емес. Шығыс қазақтары 

қашанда алып екі империяның қоршауында тұрса да, 

өзінің ұлттық келбетін жоғалтып алмауымен Солтүстік 

өңірлерден еректеніп тұрады. Біздің бұлай деуімізге 

дәйек те, дерек те жетерлік. 

Бұрын 90 жылдардың басына дейін жұрт арасында 

кең тараған көше әндері үш нұсқамен тарап, Алматы 

мен Сыр бойы айтылуына қарағанда шығыстық нұсқа 

ең оңды, ең дұрысты деп саналуы ШҚО ұлт мәдени 

кеңістігіндегі ерек орны барлығын танытады. 

Әрі біздің өңір ұлттың қаққа Қытай және Орыс 

Түркістанына бөлінумен ғана емес, Тайга мен Жетісудің 

да шеткері аймақтарын қарпи орналасуымен де Батыс 

және Оңтүстік аймақтардан еректенеді. Облысы-

мызда бір кезде өзге ұлт басым қоныстанған Семей, 

Шар мен Аякөз қалалары, сондай-ақ, Үржар мен 

Жарма аудандары бұл күндері таза қазақ шаһары 

мнг жерлеріне айналуы Елбасымыздың ұлт саяса-

тында ұстанған сара жолының ақиқаттығын паш 

еткен жарқын мысал.

Қазақ  Күресінің  делебеңді  қоздырып,  аруақ 

шақыртып, теледидар алдында тапжылтпауы неге 

тұрады!?  Осындайда біздің Шығыста, Алашорданың 

туы тігілген өңірде ұлттық жұртшылық арасына кең 

тараған “Алты картаның” екі нұқасы өмірге келгендігін 

мақтан тұтуымыз керек.  Балқаш бойы мен Аякөз 

жағында – “Төрт мәш” және облысымыздың басқа 

өңірлерінде – “Жыл” (немесе “Паспорт ұстау”) ойнау 

өмір келді.

Ұлт мәдени кеңістігінде “Қазақ пен Қарта” егіз 

ұғым.  Жоғарыда  біз  айтқан  жергілікті  жерлерде 

өмірге келген ойындардан бөлек интеллектуалды 

қарта ойындарында да қазақтың зияткерлік ізі сайрап 

жатыр. Сонымен қарта ойындары қазаққа жат емес. 

Және қарта ойны халықтық фольклорға жатады. Осы 

сейілдік функциядағы халықтық фольклорға Шығыс 

қазақтары біз жоғарыда сөз еткен “Төрт мәш” және 

“Жыл ұстау” ойын түрін қосып отыр. 

Бірақ, фольклорды тар ауқымда ауызша шығармашылық 

деп қана алушылық ТМД мен ресей ғылымында кең 

орын  алса,  фольклорды  кең  ауқымда  қамту  әлем 

фольклористикасында ертеден орныққан. Осы соңғы 

концепция бойынша, фольклордағы синкретизм діннің, 

өнердің, білімнің тұтастығы негізінде қарастылуы 

керек. 


Өйткені, фольклор қай жағынан алғанда да, өмірді 

этникалық, ұлттық идеялық пайымдау екені, әуелі, 

рулық, кейін келе, өз кезегімен тайпалық, халықтық 

көп сатылы, көп қатпарлы дүниетаным ауқымында 

алаш жұртының әр кезеңдегі өзін қоршаған орта-

ны, табиғатты, шындықты, материалды – рухани 

игіліктерді жеке этникалық топ, этнос тұрғысынан 

өз дәуіріне сай сол кезең перзенті ретінде тап басып 

түстей  білуін,  ұлт  фольклоры  өзінің  әр  дәуірдегі 

сілемінен сездіріп отырады. Әңгіме осыны ғылыми 

зерделілікпен түсіне білу, заманалық қазақ қоғамының 

қәдесіне жарату. 

Шығыс қазақтарына қарта ХІХ ғасырдың орта-

сында Ертіс өзені бойында орналасқан Өскемен мен 

Семей қалалары арқылы жетіп, XIXғ. соңында Блэк 

– Джэк (жиырма бір) қазақ арасында дендеп ене 

бастағанда, яғни XX ғасыр басында 52 картаның 

комбинациялық орналасуындағы фигураларға қазақи 

атаулар: «Тұз», «Шал», «Мәтке», «Салдат» деп берілсе, 

ондағы ойын тәртібі мен ережесіне орай: «Бәңкі», 

«Көн», «Бәңкіші», «Шытыр»♣, «Қиық»♦, «Балта»♠, 

«Табан»♥,  «Мәш»  сөздері  мен  «Қызылайыр»♥, 

«Боп»♦, «Кіреш»♣, «Қарға»♠, «Тапан»♥, «Түйе»♠ 

диалектілерін шығыс қазақтары мен баянауылдықтар 

тілдік айналымға енгізді.

Математикалық коммерциялық емес үстел ойындары 

«Үйірмек» (ережесі мен ойнау тәртібін «Семей таңының» 

2002 жылғы 24 қазандағы санында жариялағанбыз), 

«Қамақ» XIX ғ. соңында тек атауы ғана бізге жетіп, 

ережесі мен тәртібі мүлде ұмытылды.

1960 жылдың басынан бастап, Қазақ зиялыларының 

КСРО дәуірінен бізге қалдырған бір құнды мұрасы 

– қазақ преферансы. Қазақ преферансы – “Қысқа” 

(4-тік//птичкасыз) және “Ұзақ” (2-лік//птичкалы) деп 

бөлінеді. Бірақ ең қызықтысы “Қысқа”  ойын түрі 

болғандықтан, уақыт көп кететін “Ұзақты”  көп ешкім 

ойнамайды. Қазақ преферансы түп тегі француздық 

ақсүйектік карта ойынының орыс мәнеріне бейімделген: 

“ленинградтық”, “сочилік”, “ростовтық” деп аталатын 

ресейлік түрлерінен ерекшеленеді. Әрі қазақ пре-

ферансы туралы көлемі шағын болса да, қазақ қарта 

ойындарының алматылық білгірі Бубновтың кітабы 

1992  жылы  осы  шаһардағы  баспалардың  бірінен 

аз ғана тиражбен орыс тілінде шығып, сол жылы 

қазақша аударылып та жұртқа тарады. 

Қазақ зиялары өмірінде бильярд пен преферанс 

ерек орын алды. Бильярд санаулы жандар арасында 

тараса,  1960-1980  жж.  ақшаға  ойналатын  префе-

ранс алаш жұртшылығы арасында бұқаралық сипат 

алып, қазақтың әр ауылында кәрбіл (күліс//қазақи 

рамс) пен 21-ді (Блэк-джекті) біраз уақытқа дейін 

алмастырып, 1980-1990 жж. КСРО-лық покерлер 

(“Ази” /басып алуға негізделген үш қарталық орта 

азиялық түркі покері/ мен “Тринка” /комбинацияға 

негізделген үш қарталық орыс покерлері/) шыққан 

соң, басынан бағы тайды. Қарағанды мен Жезқазған 

кеншілері арасында – “Белка” ойыны кең тараған, 

осы ойын бойынша осы облыстың бір ауданы ұлттық 

чемпионат та өткізілді. 

Бізде мәдени құндылықтарға деген көзқарас мүлдем 

өзгеше. Бірде дүркіретеміз, бірде үнсіз қаламыз. Осы-

дан кейін Шығыс қазақтарының табиғатын түсініп 

көр... мықты болсаң?!

Кезінде Алматы ойын-сауық, театр, кино, түрлі 

шығармашылық  кештердің  думанына  айналған 

орталық еді ғой. Сол кезде Алматыны қойып бүкіл 

Қазақстанның  түкпір-түкпіріндегі  жастар  той-

томалақтарда, думанды кештерде атақты жерлесіміз 

Рамазан Елебаевтың “Тұмарым”, “Жаным-ау”, “Кездер-

ай” әндерін үздіге де құмарлана айтатын. Оңдасын 

Елубай ағамыз даңқты жерлесіміздің 60 жылдық 

мерейтойының Кенді Алтай Астанасында дүрілдеп 

өткенін “Егемен Қазақстанға” жарқырата жазған бо-

латын. Батыс өзінің Табылды Досымовын, Орталық 

Қазақстан – Қорабай Есеновін көкке көтеріп жатыр. 

Бізде, Алаштың Рухани Астанасы атанған өңірде 

мәдени құндылықтарымызға деген енжарлық басымдау. Бұл үнемі 

қайта айналып соғуды талап ететін тақырып, біз тек оны көтерген 

тақырыбымызға қатысты ғана ауызға алып отырмыз. 

Біздің өңірде ұлттық қарта ойынын дамытуға құлық жоқ па, әлде 

өзімізді өзіміздің елмеуіміз сияқты енжарлығымыз ба, 

 Ал, қазақ преферансы өгей баланың күйін кешуде. Орталық Азияға 

осы ойынды сыйлаған қазақ зиялыларының интеллектуалдық мұрасы 

ұмыт болудың аз-ақ алдында тұр. 

Қазір осы ойынды білетін қазақтар ғаламтордағы ойындық портал-

дардан преферанстың онлайндық: лениградтық, сочилік, ростовтық 

түрлерін майл руда немесе арнайы бағдарламасы жазылған осы ойын 

түрлерін камптарына жүктеп алып ойнап жүрген жайы бар. 

Қытай  қазақтары  төте  жазумен  қазақша  ұлттық  мәнердегі  түрлі 

неотехножаңалықтарды өмірге әкеліп жатыр. Бізде ештеңке жоқ. Орыс 

тілді атыс-шабысты балаларымыз бен немерелеріміз әкесін көкесіне 

тартып ойнауда. Бір сөзбен айтқанда қазақша ойнайтын ойын жоқ. 

Егер біз шығыстың “Болашақпен” оқытып жатқан жастарының осы бір 

әттеген-ай дегізетін кілтипанға үлестерін қосып, орыс ойын әлемінде 

тек үш қолдық болып ойнатылып жүрген префарансты төрт қолдық 

қылып жасап, Орталық Азияға ұсынса, оны ана тіліміздегі белгілі бір 

әлемге кең тараған интернет ойындарға арналған Ойындық Ұлттық 

портал ашып, оны өзбек, қырғыз бен қарақалпақтар да қосыла ойнар 

еді. 

(жалғасы келесі нөмірде)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет