Puma тарихы


Ағайынды Дасслер шеберханасы



бет3/5
Дата03.03.2022
өлшемі0,81 Mb.
#26914
1   2   3   4   5
Байланысты:
Puma тарихы

Ағайынды Дасслер шеберханасы

  • Спортқа қызығатын жас Адольф Дасслер бір күні анасының кір жуатын бөлмесінде өзіне спорттық аяқ киім тіге бастайды. Және ол ісі табысты болады. Біраз уақыттан кейін ол ағасы Рудольфты серіктесі ретінде алады. Рудольф аяқ киім тігуді түсінбегенімен сатуды жақсы білетін. Бұл олардың табысқа жетуіне жақсы мүкіндік болды. Бірі идея ойлап тапса, екіншісі клиенттерді іздеп, тауар сатып алуға көндіретін.
  • Олардың алғашқы фирмасы – Gebrüder Dassler (ағайынды Дасслер) 1924 жылы ашылды. Өнім сапалы болғандықтан, сұраныс көбейіп, өндірісі бірте-бірте кеңейді. 1928 жылы Амстердамдағы Олимпиада ойындарына бірнеше спортшы Gebrüder Dassler спорттық аяқ киімімен шықты. Бұл ағайындылар үшін алғашқы үлкен жетістік болды.
  • Төрт жылдан кейін Лос-Анджелестегі ойында неміс Артур Йонат 100 метрге жүгіру сайысында ағайынды Дасслер кроссовкасымен қола жүлдені жеңіп алды.
  • Ағайынды Дасслер Херцогенаурахтың ең бай отбасына айналды. Олар үлкен үй сатып алып, барлығы бірге тұрды. Бірінші қабатта – Адольф отбасымен, екінші қабатта – Рудольф отбасымен, үшінші қабатта ата-аналары. Көп ұзамай үйде жанжал шығып, Рудольфтің әйелі Фридль Адольфтің жары Катимен араздасып қалады. Отбасының татулығы осылай ажырай бастайды.
  • 1936 жылы әйгілі афроамерикандық жеңіл атлет Джесси Оуэнс Германиядағы Берлиндік Олимпиада кезінде төрт алтын медаль жеңіп алды. Ол ағайындылардың кроссовкаларын киген еді. Бұл жеңіс сатылымның күрт өсуіне әсер етті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет