Әдіс-тәсіл түрі
|
Мақсаты
|
Тиімділігі
|
«Миға шабуыл»
(әдіс)
|
Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.
|
Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
|
«Галереяны шарлау» әдісі
Саймон Браунхилл бойынша
|
Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.
|
Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.
|
«Джигсо» әдісі
Элиот Аронсон бойынша
|
Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.
|
Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
|
«Кластер» әдісі
|
Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
|
Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.
|
«Фишбоун» әдісі (постерде)
Жапондық профессор Исикава бойынша
|
Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.
|
Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.
|
«Өрмекші» әдісі
(постерде)
|
Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.
|
Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді
|
«Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі
|
Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасау.
|
Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады.Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасай алады. Шығармашыл тұрғыдан ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.
|
«Қар кесегі»
|
Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.
|
Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді.
|
SWOT - талдау
|
Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.
|
Сабақты қорытындылау барысында және кері байланыс беруге қолданылады.
|
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі
|