Қазіргі уақыт талабына сай, егемен елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа ауқымды өзгерістерге байланысты, шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен күнге артып отыр.
Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болып отырғандығы мәлıм. Ұстаздардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология көмегімен үлкен жетістіктерге жете алады.
Оқытудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа түрлерін де, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т.б.
Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым-қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады.
Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу-тәрбие үрдісінде қолдана білу.
Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады: білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.
жеке тұлғаны жетілдіру
(түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.)
әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.)
оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б.)
Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.