Python-ның құрылуы мен даму тарихы. Python платформасы. Idle мүмкіндіктері. Сызықтық алгоритмдерді программалау



бет1/2
Дата11.04.2023
өлшемі212,44 Kb.
#81649
түріПрограмма
  1   2

17) Python-ның құрылуы мен даму тарихы. Python платформасы. IDLE мүмкіндіктері. Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Python – жалпы мақсаттағы жоғары деңгейдегі программалау тілі. Python программалау тіліне кіріспе Python программалау тілін 1980-жылдардың соңына қарай CWI (голл. Centrum Wiskunde & Informatica; Математика және информатика орталығы) атты голландиялық институттың қызметкері Гвидо ван Россум бастады. Бірақ Python программалау тілінің құрылғаны туралы 1996 жылы жазды. Қазіргі уақытта тілдің екі тармағы бар: Python 2.х және Python 3.х. Екінші және үшінші нұсқаларының арасында аздаған өзгешелігі бар. Python программалау тілі арнайы https://www.python.org сайты арқылы сүйемелденеді және тілдің интерпретаторы тегін таратылады. Сонымен бірге, қазіргі уақытта практикада пайдаланылып жүрген операциялық жүйелердің бәріне арналған нұсқалары бар. Біз Windows операциялық жүйелеріне арналған нұсқаны қарастырамыз. Сондықтан оны https://www.python.org/downloads/windows арнайы сайтынан жүктеген дұрыс. Қазіргі программалау жүйелерінде пайдаланушының жазған программасын машиналық тілге аударатын трансляторлар қарастырылған. Транслятор дегеніміз – программистің жазған қолданбалы программасын жоғары деңгейдегі программалау тіліне (машиналық код) аударып, оны орындауды жүзеге асыратын жүйелік программа болып табылады. Транслятордың екі түрі бар: интерпретатор және компилятор. Интерпретатор программаның кезекті командасын оқып, оны бірден орындайды, программа мәтіні толығымен бірден машиналық кодқа аударылмайды. Дәлірек айтқанда, программаны бөліктеп оқып, бөліктеп орындайды. Ал, компилятор программа мәтінін толығымен оқып, оны машиналық кодқа аударып, машиналық тілдегі программаның аяқталған нұсқасын құрады. Егер программада қандай да бір қате кездесетін болса, компилятор сол қатені түзетпейінше, оны машиналық тілге аудармайды және программа да орындалмайды. Python тілінде жазылған программаның алдымен қатесі толығымен тексеріліп, сонан кейін машиналық тілге аударылады.
Бірақ Python тілі интерпретатор режимінде де жұмыс істей алады (біз кейбір мысалдарды осы иетерпретатор режимінде қарастырамыз). Сондай-ақ, Python тілі программа құруға арналған жоғары деңгейдегі программалау жүйесі болып табылады, жүйеге транслятор, мәтіндік редактор (программаның бөлігін көшіруге, өшіруге және орнын алмастыруға мүмкіндік береді) және анықтамалық жүйені, программаны жүргізу және т.б. элементтерді қамтиды.
Интерактивті режимді программаның қандай да бір бөлігін жылдам тексеру қажет болған жағдайда немесе калькулятор ретінде пайдалануға болады. Қалған жағдайларда IDLE интегралданған программа құру ортасын пайдаланған дұрыс. IDLE (Integrated Development and Learning Environment) ортасында программа құрылады. IDLE (Python 3.7.9) қосымшасы арқылы орындалады. Ол үшін алдымен аталған қосымшаны ашып, файл құру қажет. Одан кейін ашылған терезеге программа коды жазылады. Есептеулерді интерпретатор режимінде де орындауға болады.
Блоктары ретімен орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады немесе денесі тек ретімен орындалатын командалардан тұратын алгоритмді сызықтық алгоритм деп аталады.

Бірқатар программалау тілдерінде меншіктеу командасы теңдік «=» белгісі арқылы белгіленеді, оны салыстыру операциясымен (==) шатастыруға болмайды.


Программалауда егер өрнектің есептелген нәтижесі ақиқат немесе жалған болса, мұндай өрнекті логикалық өрнек деп атайды. Мәліметтердің 23 төртінші типі логикалық тип болып табылады, буль типі деп атайды. Бұл типтің тек екі ғана мәні болады: True (ақиқат) және False (жалған).
Бір объектінің элементтерін екінші объектінің элементтерімен салыстыру үшін шартты белгілер (үлкен, кіші, тең, тең емес) пайдаланылады. Салыстыру шартты белгілер арқылы тексеріледі. Шартты тексеру үшін программалау тілдерінде математикадағы арнайы белгілер пайдаланылады.
Егер логикалық өрнек бір ғана шарттан тұратын болса, онда ол қарапайым шарт болып есептеледі. Егер өрнек екі немесе одан да көп шарттарды (логикалық өрнектерді) қамтитын болса, онда ол құрама шарттар деп аталады. Құрама шарттарды жазу үшін арнайы логикалық операторлар пайдаланылады. Практикада «және», «немесе» логикалық операторлары жиі пайдаланылады. And операторы пайдаланылған жағдайда True мәнін алу үшін оператор байланыстырып тұрған екі шартта ақиқат болуы (шарт сақталуы) тиіс. Or операторы пайдаланылған жағдайда True мәнін алу үшін оператор байланыстырып тұрған екі шарттың біреуі ақиқат болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет