Нәрестені туғаннан кейін анасынының кеудесіне салған кезде байқалатын диагностикалық маңызды физиологиялық рефлексті көрсетіңіз
Перес
Бауэр
Галанта
іздеу
Робинзон
2 апталық бала. Гестозбен өткен ІІ жүктіліктен 3000 г салмақпен туылған. Ана сүтімен қоректенеді, туылған кезінен бастап мазасыздық, лоқсу, ірімшіктенген сүтпен құсу байқалды. Қарағанда дене салмағы 3400 г, нәжісі күніне 1-2 рет, сарғыш түсті. Алғашқы диагноз?
пилоростеноз
пилороспазм
шамадан тыс тамақтану
өңеш атрезиясы
мекониялды илеус
Қыз бала 13 жаста, мазасыздық, әлсіздік шағымдарымен келді. Оң жақ қабырға асты аймағындағы тұйық, сыздап, басып ауыратын тұрақты ауырсыну мазалайды, майлы және қуырылған тамақтар жегеннен кейін мезгілді күшейіп отырады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТАЖ- 20 рет/мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ- 76 рет/мин. АҚҚ-100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, өт қабы аймағында ауырсыну, бауыр мен талақ ұлғаймаған. Алғашқы диагноз?
жедел панкреатит
жедел аппендицит
созылмалы гепатит
асқазан жара ауруы
билиарлы жолдың дисфункциясы
7 күндік нәрестенің патронажы: ішінің төменгі жағында, аяқ-қолдарында көпіршіктер, қыртыстарында әртүрлі даму сатысында (көлемі 0,5-тен 1,5 см-ге дейінгі диаметрі, ішінде серозды-іріңді құрамы бар, эритематозды дақтар фонында көпіршіктер негізі аздап инфильтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктер жарылғанда эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрильді. Ықтимал диагноз
Лайел синдромы