И как героя назову, Покамест моего романа Я кончил первую главу.
Академик В.В.Виноградовтың: «Вопрос о подборе имен, фамилии, прозвищ в художественной литературе, о структурных их своеобразиях в разных жанрах и стилях об их образных и характеристических функциях - не может быть проиллюстрирован немногими примерами. Это очень большая и сложная тема стилистики художественной литературы» [В.В.Виноградов, 1963; 38],– деген пікірін барлық қаламгер атаулыға қойылатын өткір талап ретінде ұғынуға болады.
1.3 Ономастикалық жүйедегі термин мәселесі Ономастикалық зерттеулер синхрониялық-диахрониялық тұрғыдан және салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы зерттеледі. Сондай-ақ ауқымды, ареалды, аймақтық ономастикалық зерттеулер де болуы мүмкін. ЖқЕ-ге хронологиялық классификация жасау – өте күрделі де қиын, өйткені ол басқа ғылым салалары: әдебиет, тарих, археология, диалектология, география, философиямен тығыз байланысты қарастырылатын жүйе.
С.Роспонд антропонимдердің хронологиясымен шұғылдана отырып, олардың арасынан уақытқа байланысты категорияларға бөледі. Фамилия мен аттың арасындағы айырмашылық мынада деп қарайды: мысалы Жан – бірінші есім, кейін Жан фамилияға айналғанда, ол екінші есім болып есептеледі. С.Роспонд оны функционалды, әлеуметтік, хронологиялық, кейде құрылымдық түріне де байланысты деп түсіндіреді.
Лингвистикалық ономастикада көптеген бірліктер түрлі параметрлері мен принциптеріне сәйкес онимдер бойынша топтастырылады. Солардың бірі ғалым А.В.Суперанская онимдерді белгілі бір өзіне тән қасиеттері мен мінездеудің қызметіне қарай төмендегідей топтама жасаған:
Белгіленген объектіге байланысты аттардың топтамасы.
Табиғи және жасанды аттар топтамасы.
«Микро-макро» линиясы бойынша топтама.
Аттардың құрылымдық топтамасы.
Хронологиялық топтама.
Уәжге байланысты этимологиялық топтама.
Тіл – сөйлеу дихромотомиялық топтама.
8.Стилистикалық және эстетикалық топтама [Сахариев Б. ,1952, 159 б]
Профессор Е.Ә.Керімбаев өзінің «Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функциональном аспекте» деп аталатын еңбегінде ЖқЕ-дің тілдік аспектілерін өзі енгізген «жеке ономастикон» (индивидуальный ономастикон) ғылыми ұғымы арқылы когнитивтік тұрғыдан қарастырады. Ең бастысы, жеке ономастиконның белгілері мен қасиеттерінің сипатына өзі қолданып жүрген терминдер мен тіл оралымдарын атап көрсетеді, «дүние моделі болып анықталатын, қазақ халқының түсінігінде өмір сүріп келген және өмір сүруші қазақ онимиясы тілдік қызметте, өзінің тілдік функциясына іске асырылады» [Е.А.Керімбаев, 1995; 14-б] деп анықтайды.
Қазіргі уақытта бүкіл славян елдерінде және жалпы орыс ономастикасында қолданылып жүрген біртұтас жүйе бар. Ол жүйелілік ЖқЕ-дің объектісіне қатысты болып келеді. Ономастика бүгінде өзіндік терминдерге ғана емес, сондай-ақ белгілі бір терминологиялық жүйеге де ие.
Ономатолог ғалымдар өз зерттеу нысанына байланысты жаңа терминдерді енгізу мүмкіндігіне ие болды, мәселен, көптеген ғалымдар В.Н.Попова археоним, Қ.Қ.Рысбергенова эремоним, ареноним, Г.Б.Мәдиева спиритоним, С.Қ.Иманбердиева менсоним сияқты терминдер ұсынды [Г.Мәдиева, С.Қ.Б.Иманбердиева, 2005; 109-б] және олар қабылданды. Қазақ поэтикалық ономастикасында кейіпкер аттары теориялық жағынан да, әдістемелік жағынан зерттелгенімен, ғылыми оралымға түскен терминдер аз, сол себепті поэтикалық аттар немесе поэтоним дегеннен басқа терминдер қалыптаспаған.
Белгілі бір стильдік мәнде қолданылған кейіпкер аттары ономасиологиялық өрісте поэтикалық кейіпкер аттар немесе поэтонимдер (гр. poitik шығармашылық өнер + onyma ат, ат беру, есім) деп қолданылып жүр. Н.В.Подольскаяның сөздігінде поэтонимдерге мынандай дефиниция (анықтама) берілген: «Имя в художественной литературе, имеющее в языке произведения, кроме номинативной, харектеризующую, стилистическую и идеологическую функции» [Н.В.Подольская,1988;16-б].
Зерттеудің басты нысаны – қазақ ономапоэтикасындағы сатиралық-юморлық кейіпкер аттарының тілдік табиғатын жан-жақты тану. Біздің зерттеуіміз сатиралық-юморлық аттар болғандықтан, сатироним және юмороним деген терминді ұсынып отырмыз. Бірақ бұл терминдер әзірге жұршылық талқылауынан өтпегендіктен, жұмысымызда сатиралық-юморлық поэтоним (СЮП) деп қолданатын боламыз.
Зерттеуімізге байланысты ономастикалық терминологияның төмендегідей типтік морфемаларын қолдандық:
-ация, -изация (процесс) антопонимизация, апеллятивация, трансонимизация;