«Қр азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ» ПӘнінің мазмұны тақырып№1. Азаматтық іс жүргізу құқығының құқық саласы және ғылым ретінде оқу пәні және жүйесі


Тақырып №3. Азаматтық іс жүргізу құқыққатынастары және олардың субъектілері



бет2/7
Дата29.11.2022
өлшемі24,87 Kb.
#53549
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3661053851var 1555

Тақырып №3. Азаматтық іс жүргізу құқыққатынастары және олардың субъектілері
Азаматтық іс жүргізу құқыққатынастарының түсінігі, олардың ерекшеліктері. Азаматтық іс жүргізу құқыққатынастарының пайда болуының алғышарттары және олардың мазмұны. Азаматтық іс жүргізу құқыққатынастарының материалдық құқыққатынастардан айырмашылығы.
Азаматтық іс жүргізу құқыққатынастарының субъектілері және олардың жіктелуі.
Сот азаматтық іс жүргізу құқыққатынастарының міндетті субъектісі ретінде. Соттың құқықтық жағдайы. Соттың құрамы. Сот қызметінің өнегелік негіздері.
Іске қатысушы тұлғалар және іс жүргізудің басқа да қатысушылары азаматтық іс жүргізу құқыққатынастарының субъектілері ретінде. Іске қатысушы тұлғалардың түсінігі және құрамы. Іске қатысушылардың құқықтары мен міндетері. Азаматтық іс жүргізу құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі.
Тақырып №4. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың түсінігі, олардың іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері.
Іс жүргізудегі бірлесіп қатысушылық, түрлері, негіздері және мақсаты. Міндетті бірлесіп қатысушылық, факультативті бірлесіп қатысушылық. Бірлесіп қатысушылырдың құқықтары мен міндеттері.
Тиісті емес жауапкердің түсінігі, оларды ауыстыру шарттары мен тәртібі. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың іс жүргізу құқықмирасқорлығынан айырмашылығы.
Іс жүргізу құқықмирасқорлығы, түсінігі, пайда болу негіздері. Құқықмирасқорының іс жүргізуге кіруге кіру тәртібі, оның құқықтық жағдайы.
Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың түсінігі. Олардың түрлері. Дау нысанасына дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар. Олардың іс жүргізуге кіру тәртібі және негіздері. Дау нысанасына дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысу нысандары мен негіздері.
Прокурордың іс жүргізудегі жағдайы, оның құқықтары мен міндеттері.
Азаматтық іс жүргізуге мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары және басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін жекелеген тұлғалар мен ұйымдардың қатысу негіздері мен мақсаты.
Соттағы өкілдіктің түсінігі.Өкілдік ету негіздері. Өкілдіктің түрлері.
Тапсырма бойынша өкілдік ету. Заңды өкілдік.
Соттағы өкілдің өкілеттіктері. Өкілдің өкілеттілік көлемі және оны рәсімдеу. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет