Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(лат. substantia – мән, түпкі негіз



бет228/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

СУБСТАНЦИЯ (лат. substantia – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық концепциялар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір С.), дуализм (екі С.), плюрализм (бірнеше С.) болып бөлінеді. Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель С-ны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Дүниенің бірлігі – формада. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда С-лық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған.
Жаңа дәуірдегі философияда С-ны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған С-ны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі С. (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес бір субстанция. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: С. біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классикалық неміс философиясы С-ға іс-әрекеттік сипат береді. Кант С. категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез-келген синтетикалық бірлігінің болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Ол іштей өзгерісте болады деп, Кант С-ны диалектикалық тұрғыда түсіндіреді. Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдейді. Ол С-ны идеяның даму сатысы ретінде қарастырады.
СХОЛАСТИКА (лат. shola – мектеп) – діни философияның бір типі, Орта ғасырларда Европада кең тараған, философияны теологияға бағындыруымен сипатталады. Ерте және кейінгі схоластика болып бөлінеді. Біріншісі – ХІ – ХІІ ғасырларда, екіншісі – ХІІ – ХIV ғасырларға келеді. Ерте C-ның философиялық негізі – Платон мен неоплатониктердің ілімін христиан діні тұрғысынан талдау. Христиандық доктринаға формальды сипат беру C-лық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Аристотельдің логикасын пайдаланған. Ерте C-ның өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімнің әлемнің ешнәрседен жаратылыуы, Қасиетті Үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.
C-ның пайда болуынан бастап, бүкіл Орта ғасырлар бойы оның өкілдерінің арасында универсалиялар туралы деп аталатын дау пайда болды. Латынша «универсалис» дегеніміз – «жалпы», «бәріне ортақ» деген мағына береді. Дау «жалпы, универсалия қалай өмір сүреді?» деген сұрақ төңірегінде болған. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шыққан. Біріншілері «жалпы» шын мәнінде өмір сүреді деген, оларды «реалистер» деген. Екіншілері объективті шындықта «жалпылық» жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді деген қорытынды жасайды. Жалпының орны – тіл, жалпылық тек тілде ғана бар, сөз арқылы ғана болады. Жалпы ол – зат емес, ол – атау. Латынша «атау» nomen, сондықтан оларды «номиналистер» деп атаған. Атақты номиналист У. Оккам болды.
Шегіне жеткен реалистер мен номиналистердің аралығында да бірнеше бағыттар болды. Солардың бірі – концептуализм. Концептуализмнің өкілдері жалпы жеке өздігінен де өмір сүрмейді, сонымен қатар ол тек атау ғана емес. Номиналистерден өзгеше олар жеке құбылыстарда жалпыға тән нәрсе бар, ол ұғым арқылы беріледі, (латынша «ұғым» «концептус»), ал ұғым сөз, атау арқылы беріледі. Концептуализмнің негізгі өкілдерінің бірі – П.Абеляр.
С-ның айрықша өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, оларды дұрыс пайдаланған кезде олар бірін-бірі толықтырады. Олар бір негізден пайда болады, бір мақсатқа апаратын екі жол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет