Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет247/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

УАҚЫТ – кеңістікпен қатар болмыстың формасы. Ол болмыстың құрылымын анықтайды, өйткені У. арқылы болмыс өзінің ұзақтылығын, объектілердің бірін-бірі алмастыруын табады. Егер материяның тіршілік ету тәсілі – қозғалыс болған болса, онда қозғалыс өзін кеңістік пен У. формасында айқындайды. Кеңістік пен У-ты қозғалыстың көріну формалары немесе оның сыртқы өлшемдігі десе болады. Сонымен, У. – қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің бірінен бірі туындап ұласу формасы. Ғылым тарихында қалыптасқан қағидалардың бірі: материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. У. бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейді, яғни кез келген материалдық процесс бір бағытта – өткеннен болашаққа қарай дамиды. Материалистік философия кеңістікпен У-ты адамдардың ойлауынан тыс, материяның объективтік формалары деп қарастырады әрі олардың бір бірінен бөлінбестей бірлікте екенін мойындайды. XX ғ-ға дейін ертедегі натурфилософтардың атомдық көзқарасына сәйкес кеңістік бос қуыспен теңдестіріліп, У. біркелкілікпен түсіндірілген. Қазіргі заманғы физика ол түсінікті жоққа шығарады. Бұл жөнінде әсіресе А. Эйнштейннің салыстырмалы теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол макробөлшектердің кеңестіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 300 000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдейді. Яғни дененің кеңістіктегі қозғалысы шапшаңдаған сайын оның кеңістік сипаты да өзгереді, ол денедегі уақыттың да ағымы баяулай түседі. Қозғалыстың өзгеруі кеңестікті де, уақытты да өзгертеді. У. пен кеңістіктің қазіргі заманғы теориясын жасауда Н. Лобачевскийдің, Б. Римманның, К.Ф. Гаустің идеялары маңызды роль атқарды. Адамның дүниетанымы дамыған сайын У. пен кеңістіктің объективтік шындық екендігі жайлы барған сайын терең де дәл мәліметтер берілуде. Салыстырмалық теориясының әсерінен У. материяның төртінші өлшемі (алғашқы үш өлшем: ұзындық,, ен және биіктік кеңістіктің сипаттамасы) деп танылады. У. өзінің анизотроптығымен, яғни қайта оралмастығымен, бір бағыттылығымен анықталады. XX ғ-да У. мәселесін зерттеуге көп назар аударғандардың бірі логикалық позитивизм өкілі Ганс Рейхенбах болады. Оның физика ғылымы жетістіктеріне сүйене отырып келген қорытындысы төмендегідей: уақыттың ағымы өткеннен келешекке қарай жылжиды. Г. Рейхенбах былай дейді: біріншіден,»өткен ешқашан қайтып оралмайды»; екіншіден, «өткенді өзгерту мүмкін емес, ал болашақты өзгерту әбден мүмкін»; үшіншіден,» болашақ туралы түбегейлі шынтуайтты, дәйекті мәлімет беру мүмкін емес». Термодинамикалық заңдылықтар тұрғысынан дәлелденетін бұл теория мәдени-әлеуметтік У. концепциясын қанағаттандыра алмайды.



Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835 – 1865) қазақ ғалымы, этнографы, тарихшысы, қоғам қайраткері. Қазақстандағы ағартушылық идеясының негізін қалаушы. У. өз бойында еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениетін терең ұштастыра білді. Зерттеушілер У. шығармашылығын екі кезеңге бөледі. 1) Қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни 1855 – 1859). 2) Кемелдену кезеңі (1859 – 1865). Алдымен У. өз ауылындағы мұсылман-діни мектебінде білім алады, араб және т.б. Шығыс халықтарының тілдерін оқып үйренеді. Осы кезде ол өз халқының салт-дәстүрлері, діни нанымдары, дүниетанымы мен аңыз-әңгімелері туралы мол мәліметтер жинақтайды.
1847 ж. У. Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Бұл Шоқан өмірі мен қызметіндегі бетбұрыс кезең болды. Осы оқу орынында У. ортасына, қоғамға деген көзқарастары қалыптасып, орнығады. Шоқанның азамат, ғалым, ойшыл ретінде қалыптасуына Г. Потанин, С. Сотников, А. Померанцев, К. Гаутковский, Н. Костылецкий Ф. Достоевский, С. Дуров сияқты орыс ғалымдары мен ойшылдарының ықпалы зор болды. Солар арқылы У. В.Г. Белинский мен Н.Г. Чернышевскийдің, А.И. Герценнің саяси-әлеуметтік идеяларына қанық болады. Шоқанның ғылыми ой-пікірлерінің қалыптасуында П.П. Семенов-Тян-Шанский үлкен рөл атқарды. Орыс саяхатшысы Шоқанды ғылымда толық зерттелмеген көшпенді халықтардың көне тарихы мен бай мәдениетін зерттеуге бағыттады. Осы уақытта У. халық мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы көптеген деректер жинайды. Соның нәтижесінде ол «Үлкен қырғыз-қайсақ аңыз-әңгімелері»,» Тәңір», «Абылай туралы жыр», «Қазақ халық поэзиясының формалары туралы»,»Қырғыздардың арғы тегі», «XVIII ғ. батырлары туралы тарихи аңыздар» атты мақалаларын жазады. У. бұл еңбектері басылып шықпағанымен, олардың қолжазбалары шығыстанушы ғалымдар арасында танымал болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет