Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


У. 1856 ж. М.М. Хоментовский экспедициясының құрамында болып, Ыстық көлге саяхат жасады. Қырғыз халқының энциклопедиялық поэмасы



бет248/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

У. 1856 ж. М.М. Хоментовский экспедициясының құрамында болып, Ыстық көлге саяхат жасады. Қырғыз халқының энциклопедиялық поэмасы«Манасты» алғаш рет жазып алып, орыс тіліне аударды. «Ыстық көл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы» және т.б. еңбектерінде У. түркі халықтарының салт-дәстүрі мен тұрмысын зерттеудің ғылыми әдістемесін жасайды. У. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде» еңбектерінде діни нанымдардың қалыптасуы, діннің қоғамдағы орыны мен қызметі туралы ғылыми сараптамалар жасайды.
Ғалым халықтың рухани мәдениетімен қатар материалдық мәдениетін зерттеуге де өз үлесін қосты. Ол архитектуралық ескерткіштердің суретін көшіріп салып,олардың жобалану ерекшеліктеріне назар аударады. У. халық дүниетанымы, мәдениеті, діни нанымдары мен салт-дәстүрлері оның тұрмыс-тіршілігімен және өмір сүріп отырған ортасымен тығыз байланыста болады деген қорытындыға келеді. Шоқан Ресей отарлау саясатының ұлттық мәдениетке кері әсерін де ашық айыптады. «Сот реформасы туралы жазбалар»еңбегінде саяси реформалардың халық менталитетіне сай еместігін және оның рухани-мәдени дамуға зор нұсқан келтіретінін жазады. У. еңбектері Орталық Азия мен Қазақстан тарихын, мәдениетін зерттеудің алтын қоры болып табылады.

УНАМУНО Мигель де (1864 – 1936) испан философы, ақын. У-ның көзқарастары экзистенциалдық философияның алғашқы көріністеріне жатады. Оның философиялық позициясының қалыптасуына Августиннің, испан ортағасырлық мистиктерінің, Б. Паскальдің, С. Кьеркегордың, неміс романтиктерінің, А. Шопенгауердің, Ф. Ницшенің, Бергсонның шығарм.-ы көп ықпал етті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсерінен «Пенделер мен халықтардың есірікті жан күйзелістері» атты шығармасын жазған, Испаниядағы Примо де Ривераның әскери диктатурасының ылаңын өз басынан өткізген, елінен жырақта сегіз жыл эмиграцияда жүріп, республика жеңіске жеткеннен кейін туған жеріне қайтып оралған У. үшін торығушылық сарыны орынды. У-ның философиялық рефлексиясы жүйесіздеу, өйткені философтың өзіндік көзқарастары оның поэзиясы, прозасы, эссеистикасы мен драматургиясына тоғысып жатыр. Түрлі жанрлар саласында көріне білген У-ның шығармашылығының негізінде жеке бастың өлместігі, рухтың мәңгілігі идеясы тұр. Өлім туралы сұрақтар алдында ақыл-ой скептицизмі ашынған сезіммен қосыла келе «қасіретті өмір сезімін» тудырады. Ол сезім адам тіршілігінің өмірлік (витальды) діңгегі. Сонымен жеке басты» мәңгілігі мәселесі адам мәселесінің өзіндік түр көрінісі болып табылады. Адамдық шындықты У. экзистенция, өмірден өмірдің өзінен тысқары (трансцендентті) жатқан мән-мағына іздеу деп түсінеді. Сондықтан да У. құдай идеясын адамның мәңгілік болмысқа деген талпынысы арқылы түсіндіреді және де оны жеке бас өлместігіні» кепілдігі деп қарастырады. У. адами шындықты уақыт шеңберіндегі адамның өзін-өзі шексіз құрастыруы, өзін-өзі сомдауы деп біледі. Адами болмыс дегеніміз биография дейді У. Сондықтан да адамды әдеби кейіпкер, персонаж ретінде қарастыруға да болады. У. белгілі бір мағынада философияны «әдебиеттендірумен» айналысты, өйткені ол экзистенциалдық новелланы философияның және болмысты» ең лайық түр көрінісі деп таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет