Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет139/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ИННОВАЦИЯЛАР – алдыңғы қатарлы ғылым мен тәжірибе жетістіктерін пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңашылдықтар. Сонымен қатар, осы жаңашылдықтардың адами қызметтің әртүрлі салаларында пайдаланылуы.


ИНАБАТТЫЛЫҚ – адамның әлеуметтік болмыста оңды қасиеттерін білдіретін этикалық категорияның бірі. «Инабат – ердің қазығы емес пе, инабатты ер – елдің қазығы емес пе?» (Қазы би). Инабаттылық тектіліктің – қайнар көзі. И.-тың үлгісін Төле бидің: «Басым бұлтқа тиер деп бұққан – батыр, кесірім жұртқа тиер деп ыққан – батыр» – деп айтқанынан айқын көруге болады. Ғ.Мустафин: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау – инбаттылықтың көрінісі» – деген. Қазақ әйел адамның И. танытқандығын жоғары бағалаған.


ИНСТРУМЕНТАЛИЗМ – прагматизмнің бір түрі, ол Дж. Дьюи еңбектерінде жете зерттелген. И. логиканы этикалық, эстетикалық сананың, интеллектінің тез өзгерістерге ұшырайтын түрлерінің қоршаған орта жағдайларына сәйкес қалыптасуының бірден-бір құралы деп қарастырады.
И-нің негізгі ұғымы кеңістік пен уақыт аймағында шектелген ағза, немесе орталық және орта ажыратылатын жағдай (ситуация) ұғымы болады. Ағза сапасында жануар, адам, қоғам, кез келген физиологиялық немесе әлеуметтік құрылым алға шығады. Ағзаның қызметіне байланысты орта – анықтық, тұрақтылық, қайталанатын белгілерге ие болады. Ағзаның ортаға әсері теория және практикалық сипатқа ие болып, проблеманы шешуге бағытталады. Қызмет ортадан белгісіздік элементтерін жояды. Ағза анықтылыққа жетуі үшін реттеуші (лайықты) аспаптар ретінде қарастырылатын құралдарды пайдаланады. Философиялық ағымның атауы осыдан шыққан. Прагматизм тәрізді философияның негізгі сұрағы жауабынан бас тартқан И. аспаптар жүйесіне тең құқықты идея, ғылыми теория, тіл, ағза бөлігі, машиналар, байланыс және хабарласу құралдары тәртібін енгізеді.


ИНТЕРПРЕТАЦИЯ және модель (лат. interpretatio – ұғындыру, түсіндіру) – жаратылыстану, математика, логика, таным теориясында қандай да бір тәсілдер мен элементтерге (формулаларға, символдарға және т.б.), теорияларға берілетін мәндер (мағына) жиынтығы. И. термині жеке мәндерге байланысты да қолданылады, мұндай жағдайда осы символдың, айтылғанның, формуланың И-сы туралы сөз болады. И. ұғымының танымдық маңызы бар. Ол ғылыми теорияны – онда бейнеленген ақиқатпен салыстырғанда, теория тұрғызудың әртүрлі тәсілдерін сипаттаған кезде және танымның дамуы барысында олардың арасында пайда болған өзгерістерді көрсеткенде үлкен рөл атқарады.
Модель (лат. modulus ) – қандай да бір физикалық жүйені, оның басты қасиеттерін және параметрлерін жеңілдетіп көшіретін тәжірибелік құрылым немесе математикалық (логикалық) конструкция. М. ақиқат өмір сүретін жүйелерді қандай да бір бар тәсілдермен зерттеу мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Тәжірибелік М. жасау – модельдеу деп аталады. М. арнайы жағдайда орналастырылған немесе кейбір орталардың жағдайын жуық шамамен қайталайтын немесе сол, әлде басқа физикалық үдерістегі құбылыстардың бірізділігін қайталайтын физикалық дененің көшірмесіндей болып көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет