Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Әдебиет: Сорокин П. Социологические теории современности. М., 1992; Гуревич П.С. Философия культуры. М.,1995



бет223/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   267

Әдебиет: Сорокин П. Социологические теории современности. М., 1992; Гуревич П.С. Философия культуры. М.,1995.


СОФИОЛОГИЯ – құдайдың даналығы жайындағы ілімдер жинағы. С. Інжілдің (Библияның) текстеріне, әсіресе Сүлеймен пайғамбардың Даналық кітабына сүйенеді. Б.з.б. бірінші ғасырлардағы гностиктердің ілімі бойынша София дегеніміз жеке тұлға. Ол тарихи даму процессінің бір ерен сатысында өз көрінісін табады. Еуропалық мистиктер Беме, Сведенборг, Пордедж және т.б.-лар да Софияны жеке тұлға деп таниды. С. мәселелері ХІХ ғ.-дың соңындағы – ХХ ғ.-дың басындағы орыс діни философтарының (В.Соловьев, П.Флоренский, Н. Бердяев, С. Булгаков және т.б.) шығармаларында кең талқыланады. С.-лық концепцияларға ортақ принциптер төмендегідей: София дегеніміз жеке тұлға. София Мәңгілік әйелдік Нәзіктік (немесе Мәңгілік Пәктік). София платондық идеялар әлеміне жақын, бірақ саналы біртұтас организм. София адам мәдениетінің бастау көзі. Болашақта адамзат Софияның ұжымдық көрінісі – Адамқұдай күйіне өтеді.София Шіркеуімен, Құдайанамен, Періштемен теңестеріледі. София әлемде, бұл дүниеде сұлулық, үйлесімділік, тәртіп және рет арқылы көрінеді.


СОЦИУМ (лат. socіum – ортақ, бірлескен) – адамдардың біршама тұрақты үлкен бірлестігі. Қазақ тілінде кейде әлеумет деген ұғым арқылы қолданыс тапқан. Бұл бірлестік мүшелерінің өмір сүру жағдайының ұқсастығына байланысты мәдениеті де бар. С. деп ең кең мағнада түгел бір қоғамды айтуға болады. С-ның түрлеріне: рулық, этникалық, әлеуметтік-таптық және аймақтық бірлестіктерді жатқызуға болады.



Сократ ( Σωκράτηζ ) (б.д.д. 470 – 399 ж.ж. төңірегінде), ежелгі грек философы, даналықтың символы. Афинада тұрған. Батыс философиясы тарихында бірінші болып адам мәселесін философияның негізгі тақырыбына айналдырған. С. ешнәрсе жазып қалдырмаған. Ол туралы деректер Платонның диалогтарынан, Ксенофонт пен Аристотельдің еңбектерінен алынған. Ол деректерге қарағанда С. бүкіл Грекияға өзінің ілімінің ерекшелігінен гөрі өмір сүруінің, ойлау үрдісінің, күнделікті қатынастарда ешкімге ұқсамайтындығымен аты жайылған. Оның өзіндік кәсібі болмаған, ол Афинаның көшелерінде, базарларында, кез келген жерде адамдармен сұқбат құрған. Оның әңгімелері даналыққа жақын, ақиқатты іздеуге байланысты. Ол көбінесе: «Мен ешнәрсе білмейтінімді білемін. Кел екеуіміз сені де, мені де толғандыратын нәрселер туралы әңгімелесейік, сөйтіп ақиқатқа жетерміз», – дейтін. Ол белгілі бір көзқарасты уағыздамаған. Әңгімелерінің барысында сұраққа берілген жауаптардан қайшылықтарды тауып, оның әділеттілік дегеннің не екендігін білмейтіндігін анықтап, алғашқы айтқан тұжырымына қарама-қарсы тұжырымға келуге сұқбаттасушыны мәжбүр етеді. Бұл методты С. майевтика деп аталған. Бұл нағыз диалектикалық метод болған. С. – диалектиканың ойлау мен танымның методы ретінде, яғни субъективті диалектиканың, негізін қалаушысы. Сұхбаттарының ішкі әдісі жекеліктен, жалқылықтан жалпылыққа қарай жүру, индукциядан дедукцияға жету, ақиқатты іздеу, ойлау процесі сұрақ-жауап, сұхбат (диалог) ретінде өтеді. Оның негізгі тақырыптары сол кездегі грек, әсіресе Афина, қоғамындағы көкейтесті мәселелер. Ол адам, мемлекет, этикалық-адамгершіліктің негізгі ұғымдарын, категорияларын қамтыған. Адамды С. тек этикалық жағынан қарастырған. Дельфыдағы Аполлонның храмында жазылған «жеті данышпанның» «Өз өзіңді таны» девизі С-тың да девизі болған. Өте сирек жағдайда ғана С. әңгімелерін құдайлар, ғарыш мәселелеріне арнаған. Аристотельдің сөзіне қарағанда, ол ізгілік, даналық, әділеттілік және т.б. ұғымдарына бірінші рет индуктивті дәлелдемелерді қолданып, жалпы анықтамалар берген. Этикадан ол қатаң рационализмді ұстанған, оның ойынша ізгілік біліммен бара-бар, ізгіліктің не екенін білетін адам жамандық жасамайды. Саяси көзқарастарында ол мемлекеттегі билік ізгі, адамгершілігі мол, әділетті және тәжірибелі азаматтардың қолында болуы керек деген ойды ұстанған.
Философия тарихындағы С-тың рөлі сұхбатты ақиқатты табудың негізгі методы ретінде пайдаланғанында. С-тың көптеген шәкірттері болған, солардың ішіндегі ең танымалдысы – Платон. С-ты «жаңа құдайларды уағыздады, жастарды ақиқат жолдан тайдырды» деп жала жауып, сотқа тартқан. Афиналық сот оны өлім жазасына кеседі, ол кашудан бас тартып, түрмеде у ішіп өлген.
Әдебиет: Платон. Апология Сократа //Сочинения в 3-х томах. Т.1. М., 1968. С.81-112.; Ксенофонт Афинский, Сократич. соч. М-Л.,1935. Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты, Сократ, Платон. М., 1969.; Кессиди Ф.Х. Сократ. М., 1988.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет