Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(лат. Scіentіa – ғылым-білім)



бет229/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

СЦИЕНТИЗМ (лат. Scіentіa – ғылым-білім) – мәдениет жүйесіндегі ғылымның рөлін абсолюттеп, асыра мадақтап көрсету. Қоғамның өмірінде маңызды роль атқаратын ғылымның үлгісі ретінде С. көбінде жаратылыстану ғылымдарын, позитивті ғылымдарды қарастырады. Сондықтан да С. философияда болсын, дүниетанымда болсын, әлеумет.-гуманитарлық мәселелерді талдауда болсын дәл, нақты ғылымдарға тән дағдылы аксиомалық құрылымның, анықтамалар жүйесінің, эксперименталды қайталанудың т.б. болуын талап етеді.С. ғылыми-техникалық революцияның әсерінен, яғни ғылымның болашағына деген кәміл сенімнен, ғылымның адамзат тіршілігінің түбірлі мәселелерін шешудегі мүмкіндіктерін шексіз деп қарастырудан туындайды. Қазірде ғылымға көзсіз бас июден ғылымның өзін, әсіресе оның туындатқан техникасын адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп қарастыратын, адамның шынайы адами мәнін тәркілейтін фактор деп танитын С-ге қарама-қарсы антисциентизм идеологиясы да пайда бола бастады.
Әдебиет: Гуревич П.С. Закономерности и социальные перспективы научно-технического прогресса // Новая технократическая волна на Западе. М., 1986;Гайденко П.П. Эволюция понятия науки. М., 1980;В поисках теории развития науки (Очерки западноевропейских и американских концепции ХХ века). М., 1982.

СЮРРЕАЛИЗМ (фран. Surrealіsme – реализмнен жоғарғы) – ХХ ғасырдың көркем мәдениеті саласындағы авангардтық өнердің бір бағыты. С. көркемдік ағым ретінде Францияда ХХ ғ-дың 20-шы жылдарында пайда болды. Бірнеше дағдарыс, тоқырау кезеңдерін басынан өткізген С. бірте-бірте тобырлық-сауықтық мәдениет элементтерімен араласа келе постмодернизмнің құрамдас бөлігіне айналды. Француз С-нің алдыңғы қатардағы өкілі – Андре Бретон «С-нің манифесінде» (1924) былай дейді: «С. – таза физикалық автоматизм», яғни ойға келген нәрсенің ешбір этика-эстетикалық, ақыл-парасаттық електен өтпеген таза көрініс. С. еркін ассоциациялар, түстің таңғажайып әлемі арқылы сыртқа шығарылатын, әлемге игерілетін адамның бейсаналық өмірін, оның шым-шытырық қалтарыс-бұлтарыстары көп тұстарын суреттеуді өнердің басты мақсаты деп табады. «С. манифесінің» авторы А.Бретон көбінде З.Фрейд, К.Г.Юнгтің психоанализ теориясына сүйенеді. Жалпы С-нің өкілдерінің бәрін де, С-нің өзін де психоанализ туындысы ретінде қарастыруға болады. С-нің негізі ұғымдары – «қиял», «ұйқыдағы түс көру», «галлюцинация» (көзге әр нәрсенің елестеуі), «сандырақ», «таңғажайып сиқырлы көріністер», «сананы» өзгеріске ұшыраған күйлері». С. өзін көркем суретте жарқын да айқын көрсетті. Көркемсуреттегі С-нің басы қосылмайтын нәрселерді біріктіру принципінің өзі қызықты С-тік картиналар эмоционалдық тосын күйге түсіріп, ес тандырарлық жағдайға әкеледі. Осындай сананың төменгі деңгейіндегі «тығулы» жатқан бейсаналық процесстердің «автоматты» хаосы С. Дали шығармасында жиі кездесед. С-нің көркемдік тәсілдері кинематографта Л. Бунюэль, А Сокуров шығармашылығында, абсурд театрында (С. Бекке, Э. Ионеско), теледидарда, кітап графикасында өз көрінісін тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет