7. Ұйымның басшылары мен қызметкерлерінің арасында психологиялық
ахуалды және корпоративтік мәдениетті жақсарту үшін эмоционалды
жағдайды реттеудің тренингтік бағдарламалары
мен техникаларын әзірлеу
және жүзеге асыру.
8. Ұйымды тиімді басқарудың болжау моделін құру.
9. Басқару психологиясының маңызды факторы ретінде ұйымдық
құндылықтарды және өзін өзі таныстыру технологиясының тиімділігін ескере
отырып, өзінің жеке мансабын құру бағдарламасын жасау.
«Басқару психологиясы» курсын оқу кәсіби білім беру бағдарламасының
пәнаралық
байланыстарын
жүйелендіруге
ықпал
етеді
және
магистранттардың «Философия», «Әлеуметтану» және т.б.
алдыңғы оқу
пәндерін меңгеру кезіндегі алған білімдеріне негізделеді.
«Басқару психологиясы» курсы – педагогика,
ғылыми зерттеулерді
ұйымдастыру және жоспарлау пәндерімен тығыз байланысты іргелі пән
болып табылады.