Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет34/41
Дата15.11.2023
өлшемі270,6 Kb.
#122596
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
ИНТЕРНАТУРА ҮШІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БОЙЫНША ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

ИТШ
641. 16 жастағы науқас, ауырғанына 7 сағат болғанда ауыр түрде ауруханаға келіп түскен. Ауруы жедел басталған, қалтырап, дірілдеп, басы ауырған, дене қызуы 39 0С дейін көтерілген. 4 сағаттан кейін терісінде геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Түскен кезде: дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, құрысулар анықталады, пульсі әлсіз, АҚҚ 60/40 мм. рт. ст.
Қандай асқыну туралы ойлауға болады ?
+a) инфекциялық-токсичекалық шок
б) гиповолемиялық шок
в) бүйректің жедел жетіспеушілігі
г) өкпенің жедел жетіспеушілігі
д) нейротоксикоз
642. Шок кезінде қан айналымының орталықтандырылуына байланысты ең маңызды қандай ағзаларда қанмен қамтамасыз етілу сақталады: 
+а) бас миы мен жүрек;
б) ішек пен өкпе;
в) бауыр мен бүйрек; 
г) ұйқы безі мен асқазан;
д) бұлшық ет пен сүйек.
643. Шоктың қай түрі микроб токсиндерінің жүйелік әсерінен дамиды? 
а) күйіктік;
+б) инфекция-токсикалық шок;
в) геморрагиялық;
г) травмалық;
д) кардиогенді
644. 20 жастағы әйел, ауырмастан бұрын банкете болған. Ертесіне жалпы әлсіздік, қалтырау, қызба, ішінің толғақ тәрізді ауруы, ішінің энтеритті нәжіспен өтуі байқалған. Объективті: науқас боз, аяқ –қолдары суық, АҚҚ – 80/60 мм.с.б., зәрі жоқ.
Қнадай асқыну дамыған?
+a)инфекция-токсикалық шок;
b) өкпенің ісінуі;
c) мидың ісінуі;
d) перитонит;
e) ішекттің жүрмеуі
645. Инфекция – токсикалық шокқа тән белгілер:
+а) артериялық қан қысымының төмендеуі, тахикардия
b) құрысулар, есі анық емес
c) геморрагиялық синдром
d) ми ішілік қысымның жоғарылауы
e) анурия
646. Инфекция-токсикалық шоктың дамуына ең жиі не әсер етеді:
а) аллергендер
b)экзотоксиндер ;
c)эндотоксиндер+
d)биологиялық актив заттар
e)пирогендер
647. Инфекция-токсикалық шок қандай ауруларды жиі дамиды?
а) вирусты
b)бактериалды +
c)риккетсиоздар
d)саңырауқұлақты
e)спирохетоздарда
648. 33 жастағы әйел, фастфудте тамақтанған, қуырылғантауық жеген. Ертесіне жалпы әлсіздік, тоңу, қазба, ішінің толғақ тәрізді ауруы, көп мөлшерде ішінің өтуі байқалған. Объективті: науқас бозарған, аяқ – қолдары суық, терісі ыстық, суық тер басқан, дене температурасы 39,8 0 С, АҚҚ – 90/60 мм.с.б., пульсі әлсіз, ЖСЖ 120 рет минутына, зәрі таңертеннен бері болмаған
Қандай асқыну дамыған?
+a) Инфекция-токсикалық шок I дәрежелі ;
b) Инфекция-токсикалық шок IІ дәрежелі;
c) Мидың ісінуі;
d) Инфекция-токсикалық шок IІІ дәрежелі;
e) Гиповолемиялық шок ІІ дәрежелі
649. 63 жастағы әйел, жедел ауырған, қалтырап, дене қызуы 39,5 0 С көтерілген, басы ауырған. Ертесіне әлсіздік, қалтырау, қызба сақталған, жүрегі айнып, бірнеше рет құсқан, бетінде шекарасы анық қызару пайда болған. Объективті: науқыс тежелген, ентіккен, терісі боз, аяқ – қолдары мұздай, терісін суық тер басқан, температурасы 36,8 0 С, АҚҚ – 75/40 мм.с.б., пульсі әлсіз, ЖСЖ 160 рет минутына,зәрі кешеден бері жоқ.
Қандай асқыну дамыған?
a) Инфекция-токсикалық шок I дәрежелі;
+b) Инфекция-токсикалық шокIІ дәрежесі;
c) Мидың ісінуі;
d) Инфекция-токсикалық шокIІІ дәрежесі;
e) Гиповолемиялық шок ІІ дәрежесі
650. 18 жастағы әйел, жедел ауырған, тоңып, дене қызуы 400С дейін көтерілген, басының ауруы. Ауруының 1-ші тәулігінде ауруханаға ауыр түрде келіп түскен, есі анық, адекватты емес. Денесінде және аяқ – қолдарында геморрагиялық «жұлдызша тәрізді» бөртпелер, акроцианоз анықталады. Кейде құрысулар пайда болады. Айқын ентігу анықталған, перифериялық тамырларда пульсі анықталмайды, АҚҚ – анықталмайды, дене қызуы 35,50С. Іші ауырмайды, бауыры +1см. Менингеалды белгілері теріс.Катетермен зәрі шықпаған.
Қандай асқыну дамыған?
a) Инфекция-токсикалық шок I дәрежелі;
b) Инфекция-токсикалық шокIІ дәрежесі;
c) Мидың ісінуі
+d) Инфекция-токсикалық шокIІІ дәрежесі;
e) Гиповолемиялық шок ІІ дәрежесі
651. Инфекция-токсикалық шокта қандай асқыну дамуы мүмкін?
a) Гиповолемиялық шок
+b) ҚШҰ синдромы
c) Мидың ісінуі;
d) Кардиогенді шок
e) Анафилактикалық шок
652. Қарқынды терапия және реанимация бөлімшесіне 63 жастағы әйел,ауруының 4 ші күнінде беттің біріншілік тілмесі, эритематозды түрінің, ауыр ағымы диагнозбен келіп түстті. Асқынуы:Асқынуы: инфекция–токсикалық шоктың ІІІ дәрежесі. Келесі күні денесінің барлық жерінде геморрагиялық бөртпелер, мұрыннан, ауыздан қан кету байқалған.Науқаста қандай асқыну дамыған?
a) Гиповолемиялық шок
+b) ҚШҰ синдромы
c) Мидың ісінуі;
d) Кардиогенді шок
e) Анафилактикалық шок


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет