Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет4/41
Дата15.11.2023
өлшемі270,6 Kb.
#122596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ИНТЕРНАТУРА ҮШІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БОЙЫНША ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

Сальмонеллез (13 тест)
64. Сальмонеллез кезінде бактериологиялық зерттеуге алынады (ең толық жауап):
а) зәр, нәжіс, қан
b) нәжіс, шайынды сулар, өт суы, қақырық
c) қан , зәр, шайынды сулар
+d) нәжіс, зәр, қан, шайынды сулар, өт суы
e) зәр, қан, өт суы

65. Сальмонеллез кезіндегі берілу факторлары (ең толық жауап):


a) консервіленген көкөністер
b) жуылмаған жемістер, көкөністер
c) қайнатылмаған су
d) қуырылған және консервіленген саңырауқұлақтар
+e) жұмыртқа, тауық-гриль

66. Сальмонеллез кезіндегі жасырын кезеңнің ұзақтығы:


a) 6-12 сағат
+b) 24-72 сағат
c) 3-4 күн
d) 5 күн
e) 7 күн

67. Сальмонеллезге тән асқазан –ішек жолдарының зақымдану синдромы:


а) гастрит
b) колит
c) энтероколит
+d) гастроэнтерит
e) гастроэнтероколит

68. Жеңіл және орташа ауырлықтағы сальмонеллездің негізгі емдеу әдісі:


a) антибиотиктер
b) дегидратация
+c) регидратация
d) ферменттер
e) гормональды терапия

69. Сальмонеллездің ошақты түріне қандай асқыну тән:


a) ішектен қан кету
+b) гиповолемиялық шок
c) инфекционды-токсикалық шок
d) перитонит
e) ішек перфорациясы

70. Сальмонеллездің жайылмалы түріне қандай асқыну тән:


а) ішектен қан кету
b) гиповолемиялық шок
+c) инфекционды-токсикалық шок
d) перитонит
e) ішек перфорациясы

71. Сальмонеллез патогенезін дизентериядан ажырататын негізгі тізбегі:


а) экзотоксиннің әсері
+b) бактериемия
c) жүйке жүйесінің зақымдалуы
d) инвазивті диарея
e) ферментативті бұзылыстар

72. 20 жастағы ер адам, студент, жатақханада тұрады. Кенеттен жүрек айну,бас айналу, дене температурасы 39°Сқа дейін көтерілу мазалады. Бір рет көп көлемді сипатта сұйық нәжіс байқалған, содан кейін кенет дене температурасы 35°С дейін түсіп, суық тер пайда болды. Объективті тексергенде: тамыр соғысы анықталмайды, қан қысымы тез түсіп кетті. Тахикардия 120 рет/мин.


Болжама диагнозыңыз:
+a) сальмонеллез, инфекциялы-токсикалық шок
b) сальмонеллез, гиповолемиялық шок
c) тырысқақ, гиповолемиялық шок
d) іш сүзегі, инфекциялы-токсикалық шок
e) тағамдық улану, гиповолемиялық шок

73. Сальмонеллездің гастроинтестиналды формасындағы патогенезінің негізгі тізбегі


+a) катаралды гастроэнтерит
b) ұзаққа созылған бактеремия және токсинемия
c) токсикалы энтерит
d) жаралы проктосигмондит
e) гепатоциттердің дистрофиясы

74. Сальмонеллездің жайылмалы формасындағы патогенезінің негізгі тізбегі:


+a) ұзаққа созылған бактеремия және эндотоксинемия
b) дегидратациялық шоктың дамуы
c) ішек инервациясының бұзылуы
d) ішектің дисбактериозының дамуы
e) гранулематозды колит

75. Сальмонеллездің ең жиі кездесетін түрі:


a) гастриттік
b) сүзек тәрізді
+c) гастроэнтериттік
d) гастроэнтероколиттік
e) септикопиемиялық

76. Сальмонеллездің гастроинтестиналды түрінде патологиялық үрдіске жиі ұшырайтын мүше:


a) бауыр
b) ұйқы безі
+c) аш ішек
d) сигма тәрізді ішек
e) тік ішек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет